Сенбі, 23 Қараша 2024
4295 22 пікір 11 Наурыз, 2019 сағат 17:17

«Әліпби QAZ – жануарлар» ойын жинағы көмекші оқу құралының тұсаукесері өтеді

Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латыннегізді жаңа қазақ әліпбиін үйренуге арналған 32 сериялы анимациялық «Әліпби QAZ - жануарлар» ойын жинағы көмекші оқу құралының тұсаукесерін өткізеді.

Ойын жинағы арқылы балаларлатыннегізді жаңа қазақ әліпбиін көңілді әрі тез үйреніп, сөздерді құрастыруға бейімделеді.«Әліпби QAZ – жануарлар» көмекші оқу құралы екі ойыннан тұрады.

1. Әліпби – «Жануарлар». Балалар ойын арқылы барлық әріптер мен әріп реттілігін жаттап алады.Жануарлар атауын латын қаріпінде тани бастайды.

2. Лото әліпби – «Жануарлар». № 1 ойынында алған білім мен дағдыларды пысықтайды.Баланың байқампаздығы мен логикасын, бейнелі ойлауын дамытатын жеңіл ойын түрі беріледі.Ата-ана ойын ережелерін алдымен өзі үйреніп, кейін балаға сөздердің мағынасы мен ережелерін түсінуге көмектесуі қажет.

Жинақтың ішінде: ойын алаңы, карточкалар, лотоға арналған карталар, ойын ережелері бар.

Ал, 32 анимациялық серия 32 әріпті тез үйренуге арналған. Әр әріпке жануарлар атауы мен түрлі сөздермысал ретінде алынып, 3 минут көлемінде мультфильм ұсынылады. Анимациялық серияның «Álipbı» мобильді қосымшасы да бар.

Өтетін орны: М. Әуезов атындағы№128 ЖББ мектептің мәжіліс залы
Өтетін уақыты:2019 жылғы 12 наурыз, сағат 10.00

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401