Сейсенбі, 1 Қазан 2024
2608 2 пікір 15 Наурыз, 2019 сағат 10:29

Интерпол Хашогги өліміне қатысты 20 күдіктіге ордер берген

Интерпол журналист Жамал Хашогги өліміне қатысы бар деген күдікпен Сауд Арабиясының жиырма азаматына ордер берді.

Бұл туралы Daily Sabah басылымы Түркияның әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Ордерлерді Анкара сұратқан.

Сауд Арабиясы журналисі Жамал Хашогги The Washington Post газетімен жұмыс істеп, Эр-Рияд саясатын сынаған. Журналисті Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығында өткен жылы 2 қазанда өлтірген. Оның денесі әлі табылмады.

Сауд Арабиясының билігі Хашогги өліміне қатысы бар 21 күдіктіні ұстағанын хабарлады, кісі өлімін ұйымдастыруға Эр-Риядтың қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Abai.kz

2 пікір