Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
46 - сөз 4173 5 пікір 15 Наурыз, 2019 сағат 12:01

Алжирдегі жағдай

Алжирде 82 жастағы президент Әбделазиз Бутефликтің бесінші рет ел президенттігіне сайлауға түсуі тұтас Алжир халқының бас көтеруіне себепші болды. Елдің барлық қалаларында халықтың дүмпуі бірнеше аптадан бері тоқтамай жатыр. Дәл қазіргі уақытта елдің премьер министрінің орыны бұрынғы ішкі істер министрінің орынымен ауыстырылды.

Әбделазиз Бутефлик халықтың толқуынан сескеніп, қазіргі уақытта президенттік кандидатурасын алып, өкіметте біршама орын ауыстырулар мен өзгерістер жасады. Қарап отырсаңыз біздегі формуланы көрсетеді. Соңғы уақытта мемлекеттің астанасында 10 мыңнан аса адам көтеріліске шығып, оларды таратуға полиция мен әскердің күші жетпей жатыр. Президент халыққа қарата келесі жылы кезектен тыс президент сайлауы болатынын мәлімдеді.

Мемлекеттің білім және ғылыми зерттеу министрлігі мектептердегі оқушылар мен жоғары оқу орындарындағы студенттерді көктемгі демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Қазір оқу орындары бос қаңырап тұр. Алжирде 1,7 миллион студент бар, оның 630 мыңы жатақханаларда тұрады.

Бутефлик елді 1999 жылдан бері басқарып келеді. 2013 жылы ол ауыр инсульттен аман қалып, арбаға жегілген болатын. Сонда да президент тағында отырып, ел басқарып келеді. Бірақ ол инсульт алғаннан кейін халықпен диалог орнатуды тым сиретіп жіберген.

Бекболат Қаржанның facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір