Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4403 18 пікір 18 Наурыз, 2019 сағат 14:40

Діни догмаға түскен мұсылман елдері әлемдік көштен артта қалып отыр...

Жаңа Зеландиядағы терракттан кейін әдеттегідей "Христиандарға қарсы терракт болса әлем шулайды. Мұсылмандарға қарсы болса ешкім үндемейді" деген сарында посттар жазылып жатыр. Менің ойымша, мұның бір ақ себебі бар.

Христиандардың қолында қуатты экономика, озық теxнология, білім мен ғылым бар. Қолында бар күшпен әлемді шулата алатындай қуатты деңгейде. Әлемге ақпарат таратамын десе мұсылмандарға да ешкім қой деп жатқан жоқ. Бірақ, әңгіменің ашығы әлемді шулата алатын күшіміз де жоқ. Көп мұсылман елдері кедей әрі дамымай әлемдік көштен артта қалған елдер.

Адамзат баласының тариxында кім күшті соның дегені болған. Әлсіздің әңгімесі мен әділеті кімге керек? Өз елінде әділеттілік орната алмаған, заманның көшінде қалған Ауғанстанды, Қырғызстанды, Египет пен Сирияны кім тыңдайды?..

Сақал мен балақты әңгіме қылып, мұндаға дейін әйелдер көлік жүргізсе күнә дейтін, паранжа киген әйелдердің көздерін тексеріп, сенікі "возбуждающий" көз деп қамайтын, әлемнің бензакалонкасы атанған арабтардың шындығы кімге керек? Міне, осындай бейшара xалдесің "Мені тыңдамайды" деп кімге ренжисің?..

Діни догмаға түсіп, адамзаттың дамуынан артта қалған, ғылым мен теxнология жасай алмаған, қуатты экономика құра алмаған өзімізге ренжуіміз керек. Шын мәнінде,  әлемге ойыңды айтып, ақпарат тарату үшін спутник, интернет, әлеуметтік желі керек. Бірақ, оны да біз ойлап тапқан жоқпыз?

P.S. Мына суретте соңғы 100 жылда әр діннен "Нобель" сыйлығын алған азаматтардың статистикасы келтірілген.

Әлемде саны жөнінен (1,5 млрд) екінші орындағы мұсылмандар 14 миллион еврейлерден аса алмаған. Адам ұялатын статистика. Не біздің басымыз істемейді, не миымыз шайқалған.  Мүмкін дұғада болсақ жаңалық ашып қалармыз ә?..

Әлде бұл дүниенің шайтани тірліктрінен бас тартып, бес парызды орындасақ жетіп жатыр ма?..

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502