Сенбі, 23 Қараша 2024
2798 2 пікір 20 Наурыз, 2019 сағат 10:29

Алматы мен Ташкент әлемнің арзан қалалары тізіміне енді

Қазақстанның ең ірі қаласы - Алматы және Өзбекстан астанасы Ташкент The Economist Intelligence Unit дайындаған әлемнің ең арзан қалалары тізіміне енді.

Economist жыл сайын Worldwide Cost of Living есебін жариялап, әлемнің ең ірі қалаларындағы өмір сүру құнын анықтап тұрады. Мұнда адамдардың бір айлықты баспананы жалға алу, көлік, азық-түлік, және қажетті тауарларға қалай жарататыны есепке алынады.

Алматы мен Ташкент биыл Бангалор (Үндістан), Дамаск (Сирия) және Каракас (Венесуэла) қалаларымен бірге тізімнің соңғы жағынан орын алды. Еconomist есебі бойынша, Алматы мен Ташкентте АҚШ-тың Нью-Йорк қаласымен салыстырғанда екі есе арзанға өмір сүруге болады.

Қазақстанда өмір сүру құнының арзандауын баяндама авторлары ұлттық валютаның девальвациясымен түсіндірген. Билік теңге бағамын бір деңгейде ұстап тұрудан 2015 жылы бас тартқан. Соңғы бір жылда Қазақстан валютасы доллар, евро және басқа да құны жоғары валюталардың қасында шамамен 50 пайызға арзандады.

Economist есебі бойынша, орташа есеппен алғанда Алматыда нанның бір келісі қазір 1 доллар тұрады, яғни Сеулден 15 есе, Париж немесе Женевадан алты есе арзан. Алматыда темекінің бір қорабын бір доллардан сәл қымбатырақ бағаға сатып алуға болады, ал Парижде оның бағасы он есеге, Сиднейде жиырма есеге қымбат. Жанармай бағасы Қазақстанның ең ірі қаласында 0,5 доллар тұрады, Батыс Еуропа қалаларында оның бағасы үш есеге қымбат.

Ташкент бір жылда ең қатты арзандаған қалалар санатынан табылды. Мұнда өмір сүру құны 14 пайызға төмендеген. Каракас пен Дамаск қалалардағы өмір сүру құны Ташкенттен де төмендеп кеткен.

Ал Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалалаы, Украина астанасы Киев, Чехия астанасы Прага және Испания астанасы Мадрид қымбаттай түскен. Мәскеу мен Петербургте өмір сүру құнының көтерілуін Economist сарапшылары рубльдің нығаюымен түсіндірген.

Әлемдегі ең қымбат қалалар ретінде Сингапур, Гонконг және Париж, Цюрих және Женева, Норвегия астанасы Осло, Сеул, Дания астанасы Копенгаген, Тель-Авив және Сидней аталды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475