Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бұрынғы басшысының адвокаты Ысқақовқа тағылған айыптарды жоққа шығара алатынына сенімді
Астана. 16 маусым. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Қоршаған ортаны қорғау экс-министрі Нұрлан Ысқақовтың адвокаты - Роза Қуанышбаева сот отырысы барысында өзінің қорғауындағы адамның кінәлі еместігін дәлелдей алады деп есептейді, өйткені қылмыстық істің материалдарында оның кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтар жоқ.
«Менің қорғауымдағы азаматқа 33 томнан тұратын айыптаулар тағылды, оларды зерттеген соң мен істің материалдарында Ысқақовтың өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды, қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деуге еш негіз жоқ деп айта аламын. Мен сот отырысы барысында осыны дәлелдей аламын деп ойлаймын», – деді ол сейсенбі күні журналистерге Н. Ысқақов пен оның екі орынбасары Әлжан Бірәлиев пен Зейнолла Сәрсенбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысының алдында.
Сонымен қатар, ол істің материалдарында «Н. Ысқақов қол қойған-мыс және заңсыз болып табылатын» құжаттар жоқ екенін атап көрсетті.
«Тергеу барысында алға тартылған бұйрықтар - біздің еліміздегі нормативтік базаға сәйкес шығарылған құжаттар. Бұл біріншіден, министр өзіне берілген өкілеттігі бойынша жасайтын әрекеттер, екіншіден, егер бұл заңсыз болса, онда бүгінгі күні ол бұйрықтардың күші жойылатын еді. Ал ондай ештеңе болған жоқ, демек бұйрықтар заңды және осы күнге дейін күшінде», - деп түсіндірді адвокат.

«Айыптау басқа айыпталушылардың біреуі немесе куәгерлердің біреуінің айтқандарына негізделген, алайда мұның барлығы тек сөз жүзінде ғана бар. Және біз мұны жоққа шығара аламыз деп ойлаймын», - деді. Р.Қуанышбаева.