Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
3343 2 пікір 21 Наурыз, 2019 сағат 10:29

Сирияның шығысында "Ислам мемлекетінің" соңғы бекінісі құлады

АҚШ қолдауына ие Сирия оппозициясының күштері елдің шығысындағы Багхуз елді-мекенін басып алды. Мұнда "Ислам мемлекеті" террористік тобының содырлары бекінген. Жүздеген содыр тұтқындалды.

Сирия демократиялық күштерінің баспасөз хатшысы Мұстафа Балидің айтуынша, Бакхуз бекінісін басып алу - үлкен қадам, бірақ экстремистер түпкілікті жеңілді деуге әлі ерте. "Ислам мемлекеті" Евфрат өзенінің бойында шағын жерді бақылауда ұстап отыр. Бұған қоса, содырлардан босатылған аймақтарда жасырын топтар қалған, олар болашақта қауіп төндіруі мүмкін.

Багхуз бекінісі қайтарылған соң, өзін "халифат" деп жариялап, Сирия мен Ирактың үлкен бөлігін жаулап алған террористік топ күйреді. Төрт жыл бойы АҚШ қолдауына ие бүлікшілер тобы "халифатты" жою үшін күресті.

Мұстафа Балидің мәлімдеуінше, тұтқындар арасында биыл қаңтарда Сирияның солтүстігінде теракт жасаған күдіктілер бар. Терактіден 16 адам қаза тапқан еді.

Wall Street Journal газетінің мәліметі бойынша, АҚШ Сирияда 1000 сарбазын қалдыруды көздеп отыр. Дегенмен жоғары лауазымды америкалық генерал газет мәліметін жоққа шығарды. Үш ай бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы жауынгерлердің барлығы елге қайтатынын мәлімдеген. Кейін ақпарат құралдары Ақ үйдің Сирияда 200-400 сарбаз қалдыруы мүмкін екендігін жазды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6196