Назарбаев ШЫҰ-ын Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруда белсенді қатысуға шақырды
Астана. 15 маусым. ҚазТАГ- Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға белсенді араласуға шақырды, деп хабарлайды президент баспасөз қызметі.
Хабарға сәйкес, Н. Назарбаев ШЫҰ-ның екі күндік саммитіне қатысуға Екатеринбургке (Ресей) келді. ШЫҰ-на мүше мемлекеттер - Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Өзбекстан басшыларының кеңесінің отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ШЫҰ елдерінің әрекеттесу, халықаралық лаңкестікке қарсы тұру, сауда-экономикалықынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
«Отырыста сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев әріптестерінің назарын аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне аударды. Оның пікірінше, ШЫҰ Ауғанстандағы жағдайдың тезірек тұрақтануына белсенді араласуы керек, себебі аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық осы елдегі ахуалға байланысты», - деп көрсетілген баспасөз қызметі дүйсенбі күні таратқан хабарда.
Сонымен қатар Н. Назарбаев бақылаушы мемлекеттердің ШЫҰ жұмысына іс жүзінде қатысуын қамтамасыз ету маңыздылығы мен заңсыз мигранттар проблемасын шешу маңыздылығын атап өтті.