Сенбі, 23 Қараша 2024
3273 0 пікір 26 Наурыз, 2019 сағат 16:23

Помпео Ресейді Венесуэладағы дағдарыстың ушығуына айыптады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен әңгімесінде "Ресей Венесуэладағы жағдайды ушықтырып жатқанда, АҚШ қарап қалмайды" деп мәлімдеген. Бұл жөнінде мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Помпео сонымен бірге Ресейдің Николас Мадур режиміне көрсетіп отырған әскери қолдауын айыптап, Мәскеуден сындарсыз әрекетін доғаруды талап еткен.

Бірер күн бұрын Венесуэлаға ондаған сарбазы бар Ресейдің әскери ұшағы қонғаны белгілі болды.

2014 жылдан бері Венесуэлада жалғасып келе жатқан конституциялық және экономикалық дағдарыс барысында президент Николас Мадуроға қарсы халық наразылығы күшейіп кетті. Мадуроны президент ретінде Латин Американың көптеген елдері, Бразилия, АҚШ, Австралия, Канада және Израиль елдері мойындамайды. Еуроодақ да осы шешімге жақын.

Ресей, Түркия, Қытай, Куба мен Боливия Мадуроны президент деп таниды. Ресей президенті Владимир Путин онымен сөйлесіп, көмек көрсететінін білдірген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338