АҚШ президенті Дональд Трамп ақпан айында Мексикамен шекараға төтенше жағдай жариялау жөнінде жарлыққа қол қойды. Бұл жарлық Конгрестен бюджеттен дуал тұрғызуға қаржы бөлу үшін мүмкіндік берді.
Конгресмендер Ақ үйден Трамптың шешіміне заңдық және қаржылық негіз болатынын дәлелдеу үшін тыңдау өткізуді талап еткен.
Кейін АҚШ-тың 16 штаты президент Трампты және Ақ үйдің жоғарғы лауазымды тұлғаларын ұжымдасқан түрде сотқа берді. Шағым берушілер дағдарысты қолдан жасап отыр деп айыптады.
Президент Трамп пен Конгресс арасындағы 2019 жылдың бюджетіне қатысты келіспеушілік АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаунға ұласқан. Нәтижесінде Сенат пен Конгрестің өкілдер палатасы шекараны нығайту үшін 1,5 млрд доллар бөлді. Ал Дональд Трамп 5,7 млрд доллар сұраған.
Abai.kz