Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3665 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 07:32

Түркияда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар жағасуда

ЫСТАМБҰЛ. 31 Мамыр. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ -Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі ҚР тәуелсіздігінің және қазақ-түрік қатынастарының 20-жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.

Ыстамбұл қаласында қазақстандық «Сарын» фольклорлы ансамблі мен «Хас Санат» би тобы орталық Конгресс холда, Ыстамбұлдың ең таңдаулы жері саналатын «Нышанташында», «Кагытхане» және «Үскідар» аудандарында концерт қойды.

Іс-шара Абай Құнанбаев атындағы мектепте жалғасын тапты. Бұл жерде мектептің мұғалімдері мен оқушылары Қазақстанның тарихы және мәдениетімен етене танысты.

Мұғалімдер мен оқушылар алдында сөз сөйлеген Елші Жансейт Түймебаев биыл  Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл толатындығын, еліміздің қысқа мерзім ішінде әлемдік қоғамдастықта өзіне лайықты орынды иеленгенін және АӨСШК, ЕурАзЭҚ, Түркі кеңесі сияқты және т.б. интеграциялық үдерістердің бастамашысы ретінде аймақтағы тұрақтылыққа үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ Ж.Түймебаев Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік деңгейінде дамып отырған ынтымақтастық туралы әңгімеледі және екі ел халықтарының мәдениеті, тілі және тарихи түп-тамырының бір екендігіне тоқталды.

Қазақстандық әртістердің қойған концерттік бағдарламасы Ыстамбұлда үлкен қызығушылық тудырды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318