Сенбі, 23 Қараша 2024
4256 0 пікір 3 Наурыз, 2019 сағат 12:13

Көксу және Ақсу қант зауыттары 42 мың тонна ақ қант өндірді

Қазіргі дүниежүзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша ықпал жасап отырған нарық жағдайында, қоғамдағы әрбір адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысы бар салалардың ішінде қант өндіру айрықша орын алады. Сондықтан, әлем елдері қант өндірісін жылдан-жылға молайтып отыр. Осының нәтижесінде кейінгі 10-15 жылда әлемдегі қант өндірісінің өнімі 30 пайызға көбейіп, жалпы өндірілген қанттың мөлшері 100 млн тоннадан асты.

Қант қызылшасы – Жетісу жерінің төл дақылы. Республика бойынша өндірілетін тәтті түбірдің  едәуір көлемі Алматы облысына тиесілі екен. Тіпті, Қазақстан аумағында қант қызылшасының ең алғаш рет Талдықорған өңірінде өсірілген. Жетісу өңірі ежелден табиғаттың өзіне берген биоклиматтық ерекшеліктері мен суының молдығы, жерінің құнарлылығы, қант қызылшасын баптап өсіруде, одан мол өнім алуға қолайлы аймақ болып табылады. Одан бөлек, Кеңес одағы кезінде Қазақстанда қант өндіретін сегіз зауыттың бесеуі осы Жетісу жерінде орналасқан екен.

Өткен жылы Алматы облысындағы Көксу және Ақсу қант зауыттары 42 мың тонна ақ қант өндірді. Жалпы қант қызылшасының алқабы 11,2 мың гектарға жетіп, 2014 жылмен салыстырғанда 10 есеге өсті. 442 мың тонна қызылша жиналып, әр гектардың орташа өнімділігі 400 центнерге жетті, ал Ескелді ауданында 520 центнерден өнім алынды. Бұл туралы бүгін Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театр ғимаратында өткен облыс әкімінің есеп беру жиынында Амандық Баталов айтты.

Сол сияқты облыс әкімі биылғы жылы қант қызылшасының көлемін 14 мың гектарға жеткізіп, 485 мың тонна тәтті түбір алу жоспарланып отырғанын да атап өтті. Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіру, Қапшағай қаласында жаңа қант зауытын салу көзделуде.

«Ендігі біздің мақсатымыз - зауытқа тапсырылған өнім үшін шаруашылықтарға төлемді осы айдың соңына дейін аяқтау», - деді А. Баталов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371