Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3506 1 пікір 8 Сәуір, 2019 сағат 11:35

Сұлуларды батысшыл бәйгеге емес, World Muslimah байқауына қатыстыру керек

Біз әлемдік өркениеттен ұлттық бет-бейнемізді іздеп, өзіндік сара жолға түсудің жол айырығында тұрмыз. Осы бағытта «Бар болуымыз да, бордай тозуымыз да» өз қолымызда. Қазақ аруларының батыс пен шығысқа қатысты  өз ұстанымы болуы турасында Еланасы Зейнеп Ахметова «Батыс келіп жалаңаштап, Шығыс келіп тұмшалады» деген болатын. 

Қазақ ділімен сорпасы қосылмайтын орыс тілді ақпарат пен билік биылғы «Қазақстан аруы – 2019» байқауына үнді мен қытайдан туристер келіп, ел қазынасына ақша түсіреді деп жатқан жыланның құйрығын басып елді бір дүрліктірді. Мұсылман мемлекеті болып саналатын Алаш жұртты бұл мәлімдемені ауыр қабылдады. Біз бұл жағдайға қалай жеттік деген ой келеді осы орайда.

КСРО құлауының алдында батыстан талай ар мен жанды жалаңаштап, рухани аздыратын талай жаңалықтар енді. Соның бірі – сұлулық байқауы. Ол тұңғыш рет елімізде 1989 жылы өтіп, 20 жасар балерина Сәуле Рахмедова «Мисс Қазақстан» деп танылды. Бүгінгі күннің дәрегейіндегі кең ауқымды «Мисс Қазақстан» байқауы 1997 жылы жетті. Ұлттық конкурс деген атауды иеленді. Жаңа тұрпаттағы 1997 жылғы арулар байқауының жеңімпазы алматылық студент Жәмила Бисембиева атанды. Осылайша капиталистік Қазақстанның сұлулық байқауы әлемдік стандартпен кіндіктесті. Жаһандық байқауларға арулар жіберу құқығын иелендік. Осы мәселеге сол кездегі діни басқармамыз жақ ашпай үнсіз қалғаны өкінішті.

Бұл конкурсты ОА елдерінде тек қазақ пен қырғыз ғана өткізіп келеді.

2013 жылы өз елдерінде мисс атанған қазақстандық Айнұр Төлеуованы, қырғызстандық Жибек Нукееваны артта қалдырған өзбекстандық  Рахима Ганиеваның Гвинея, Камерун, Гвинея-Бисау, Косово сұлуларымен бірге Өзбекстанды Әлем Миссі байқауының үміткері атандыруы осы конкурстың майын ішкен орыс тілді қазақ пен қырғыздардың жүрегіне шоқ түсірді.  Бірақ Өзбекстанның Мәдениет пен спорт министрлігінің және Әйелдер ісі бойынша Ұлттық комитетінің өкілдері өз елдерінде бұндай конкурстың өтпейтіні туралы мәлімдеме жасады. Ал, сол кездегі ел Призиденті Ислам Каримовтің қызы  Гульнара Каримов болса, Рахима Ганиева тәшкендік өзбек қызы емес, самарқандық тәжік деп өз пікірін БАҚ бетінде жария етті.

Тәжіктер болса, жас ерекшелігіне шектеу қоймай «Мисс Тәжікстан»  атағы үшін ару қыздармен қатар 3 пен 13 жасар бүлдіршіндерді де қатыстырады. 2011 «Мисс БҰҰ» конкурсының жеңімпазы тәжік қызы Нилуфар Шерзод атанды.

Өз елдерінде өзбек, түркімен мен тәжіктер біз бен қырғыздардай батыстық үрдістегі сұлулық конкурстарын өткізбегендіктен өзге елде тұратын осы ұлттардың арулары сол жергілікті елдің атынан түрлі сұлулық байқауларына қатынасып жеңімпаз бен жүлдегер атанып жүр.

Біздегі дін иелері осындай конкурстың жабылуына қатысты неге мәселе көтермейтіне таңымыз бар. Батыс үрдісіндегі арулар байқауы бізге жат. Одан бас тарту өз қолымыздағы дүние. Сұлулар байқауының өтуіне ешкімде қарсы емес, бірақ оның ұлттық дәстүрімізбен қабысуын дінімізге кірбің түсірмеу жағы қарастырып, нәсілдік һәм ділдік тұрпатта Шымқалада тұрақты өтетін халықаралық «Түркістан аруы» байқауын өмірге әкелетін уақыт туды. Әрі бәріміз жабыла, батыстың азғын айтағына ілесіп,  хиджаб киген қыздарымызбен күресе бермей, оларды 2011 жылдан Индонезияда тұрақты өтіп келе жатқан World Muslimah (Мұсылман арулары) байқауына қатыстырып, бағын сынатуға жол ашу керек.

Қазақ қыздарының сұлулығына шетелдіктердің тамсанғанын дұрыс деп есептейтін ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ерлан Қожағапанов  қате көзқарасын өзгертіп, қаракөздерімізді ұлттық сипаттағы аламанға қатыстыруды ойлауға тиіс.

Мисс Қазақстанды ұлттық дәстүрімізге бейімдемесек, нағыз азғындану жолына түсеміз. Батыстан келген әлемдік байқаулардың бәрі қазаққа қажет дүние емес. Сіз бұған қалай қарайсыз, ағайын?!

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5442