Сенбі, 23 Қараша 2024
Сүйінші! 6611 18 пікір 12 Сәуір, 2019 сағат 17:14

Дәурен Қуат "Алаш" әдеби сыйлығының иегері атанды

Abai.kz ақпараттық порталының құрылтайшысы, жазушы Дәурен Қуат "Алаш" әдеби сыйлығының иегері атанды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат "Қазақ әдебиеті" газетіне сілтеме жасап.

"Қазақ әдебиеті" газетінің жазуынша, Қазақстан Жазушылар одағы хатшылығы мәжілісінің шешімімен 2019 жылдың 5 сәуірі күні Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы (2017-2018) төмендегі қаламгерлерге берілген.

Олар:

Ғұсман Жандыбаевқа “Арман ауыл” өлеңдер жинағына;

Нұрдәулет Ақышқа “Рақымсыз көктем” әңгімелер жинағына;

Сайлаубай Жұбатырұлына “Абыржы”  3 томдық шығармалар жинағына;

Қайсар Әлімге “Міржақыптың оралуы, Возвращение Миржакипа” хикаят сапарнамасына;

Шәмшиябану Хамзаға II томдық шығармалар жинағына;

Мира Шүйіншалиеваға “Ар азабы” пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы үшін;

Дәулеткерей Кәпұлына “Терісбұрау” өлеңдер жинағына;

Мырзан Кенжебайға “Өттің дүние” өлеңдер жинағына;

Сайлаубай Тойлыбаевқа  “Сарноқай саздары” жинағына;

Нармахан Бегалиевке "Жаз - жалбыз" өлеңдер жинағына;

Байбота Қошым-Ноғайға "Жұмақ нұры" өлеңдер жинағы;

Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағына;

Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағына;

Дәурен Қуатқа “Бөрісоқпақ” әңгімелер жинағына;

Өмірзақ Қажымғалиевке “Жаңғырық” трилогиясы үшін;

Мінуар Әкімхановқа “Көңілге тұнған көп сурет” өлеңдер жинағына;

Патигүл Мақсатоваға Патям “Хар пәсилнин гузаллиги бар” өлеңдер жинағына;

Әмина Құрманғлиқызына “Әулет пен нәубет”  шығармалар жинағына;

Серікбай Оспановқа “Алқоңыр” өлеңдер жинағына берілді.

Қош! Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы 1992 жылдан бастап беріліп келеді. Осы сыйлықты Abai.kz ақпараттық порталының құрылтайшысы, М. Қашқари атындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы Дәурен Қуаттың алғаны бүкіл Abai.kz ақпараттық порталы оқырмандары үшін қуаныш.

Біз сондықтан да, әдебиет әлеміне өзінің "бөрі соқпағын" салған жазушы Дәурен Қуатты және осы сыйлықты алған басқа да қаламгерлерді шын жүректен құттықтаймыз.

Алар асуларыңыз аласармасын!

Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы

 

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522