Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2431 0 пікір 6 Маусым, 2011 сағат 07:55

БҚО-да 102,3 млн. теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған ЖШС басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. 6 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бір ЖШС басшысына қатысты ҚР ҚК 222-бабы 2-бөліміне сәйкес (мекеменің салық төлеуден жалтаруы) қылмыстық іс қозғады.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оған 2005-2009 жылдары аралығында декларацияларға кіріс-шығыс туралы бұрмаланған мәліметтер енгізу арқылы 102,3 млн. теңге сомасында салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарып, мемлекетке ірі мөлшерде шығын келтірді деген айып тағылды.

Департамент сондай-ақ қылмыстық атқару жүйесі департаментінің  аудандағы қылмыстық атқару инспекциясы ювеналдық әділет тобының инспекторы К.-ға қатысты қылмыстық іс қозғады.  Ол 2011 жылғы сәуірде шартты түрде сотталған Е-ге шартты айыпталғанын бұзып, соттылығын алуға көмектесемін деген сылтаумен оның 30 мың теңгесін иемденіп кеткен.

Аталған факті бойынша К-ға қатысты ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «г» тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, ҚР ҚІЖК 280-бабы тәртібі бойынша айыптау қорытындысымен Орал қаласы прокуратурасына жіберілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408