Сенбі, 23 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 5506 5 пікір 17 Сәуір, 2019 сағат 09:18

Нутрициолог маман: Қазақтың қанында семіздік болмаған!

С.Асфендияров атындағы қазақ медицина университетіне қарасты нутрицология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-диетолог, нутрициолог Майгүл Қайнарбаева ересектер арасындағы артық салмақ пен семіздіктің әлемдегі және қазақстандағы таралуының себеп-салдары жайлы өз ойын білдірді.

Қазақстан Республикасында артық салмақ және семіздік бойынша соңғы зерттеу 2014 жылы жүргізілген. С.Ж. Асфендиров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті қазақ тағамтану академиясымен бірлесе жүргізген зерттеу нәтижесінде ересектер тобының шамамен 21 пайызы артық салмаққа ұшыраған.  Соның ішінде балалардың 7%-ы, ересектердің 9%-ы семіздікке шалдыққан.  Соңғы уақытта бұл көрсеткіш басқа мекемелердің зерттеулеріне сәйкес 30% өскен.

«Семіздіктің қоғамымызда өсуі өте қауіпті жағдай. Генетикалық тұрғыдан алсақ, семіздік біздің тегімізде жоқ.   Оған әсер етіп отырған қазіргі заманауи тамақтану түрінің өзгеруі. Соның ішінде, жартылай дайын, дайын, фастфуд өнімдерінің көбеюі тікелей қатысты болып отыр.  Сондай-ақ, аз қозғалыс. Физикалық жүктемемен айналысатын жұмыс түрінің аздығы да бірден бір себеп» - дейді  алматылық нутрицолог, дәрігер диетолог Майгүл Қайнарбаева.

Мамандар семіздіктің 90 пайызы дұрыс тамақтанбаудан және аз қимылдаудан пайда болатындығын айтады. Артық салмақтылар жүрек-қантамырлары ауруларына, жатыр мойны мен аналық, аталық бездердің, сүт безінің, тоқ ішектің, бүйректің, бауырдың және өт қабының қатерлі ісіктері, остеопороз, артрит, тыныс алу ағзаларының ауруларына жиі шалдығады. Сондай-ақ, бұл дертке шалдыққандарды өмір жасы да 7 жылға қысқаратын көрінеді.

«Артық салмақ пен семіздіктің денсаулыққа зиянды әсері өте жоғары. Соның бірден-бір себебі дұрыс тамақтанбау.  Семіздік салдарының 95% дұрыс тамақтанабаудан болса, тек 5% ғана басқа жағдайлар оның ішінде ол тұқым қуалаушылық немес эндокриндік жүйедегі ақаулардан туындайды» - деді маман.

Барша әлемде жеткіліксіз салмаққа қарағанда артық салмақ пен семіздік өлім-жітімге көбірек ұшыратады. Диабет ауруының – 44%, жүректің ишемиялық ауруының – 23%, кейбір қатерлі ісік ауруларының – 41% жағдайлары артық салмақ пен семіздік әсерінен туындаған. Дене массасының индексі 25-тен артық немесе тең болса, ол артық салмақ болып саналады. Ал, дене массасының индексі 30-дан артық немесе тең болса – семіздік болып есептелінеді.

«Адам кез келген жаста семіздікке ұшырауы мүмкін. Әсіресе, адам жасы ұлғайған сайын зат алмасу процессі өзгереді. Соған байланысты түскен тамақтың сіңірілуі де артық салмақ болып жиналуы мүмкін. Адам баласы қаншалықты ағзаға тамақ түседі, соншалықты энергия жұмсау керек.  Ауыр майлы, калориялы тамақтарды жеңіл сіңірілетін рационға ауыстыру керек. Сүт өнімдерін мейлінше көп қолданған дұрыс. Ет өнімдері де дастархан мәзірінде болу керек. Бірақ күнделікті көп мөлшерде әсіресе қызыл етті пайдалану керек емес, оны құс еті мен балық етіне алмастырған дұрыс. Сонымен қатар, көкөністер, жарамалар болу керек» - деді сарапшы.

Нутрицолог маманның сөзінше, қазір тамақты дайындау технологиясы өзгерген. Ал семіздіктен арылудың тиімді жолы – дұрыс түзілген тамақ рационына байланысты. Артық тамақтанудың алдын алу үшін организмге қажетті заттектердің уақытылы, әрі қажетті мөлшерде түсіп отыруын әрдайым қадағалау қажет.

«Осы күні үйде отырған әйелдер, жаңадан босанған әйелдер артық салмақ жинағаннан кейін түрлі әдіске жүгінеді. Өздігінше арықтауға барынша тырысады. Ғаламтордан сан алуан ақпарат алып соны қолдануға кіріседі. Өз бетінше түрлі шайлар қабылдайды. Әр адам ағзасы әр түрлі болғандықтан бала емізетін уақытта бірден салмақ тастауға болмайды. Артық салмақ қиындық тудырып жатса арнайы дәрігерге диетологка жүгінген абзал. Бірден салмақ тастау сүттің жоғалуына да әкелуі мүмкін» дейді диетолог дәрігер.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда адам басындағы стрессті тамақпен басуды әдетке айналдырған. Яғни, түрлі проблеманы тамақты көп мөлшерде жеп басу. Бұл жерде психологиялық көмектің қажеттілігі туындайды екен.

«Аз уақытта салмақты тастау үшін сауатты түрде тамақтану процесін қадағалап үйрену абзал. Сондай- ақ, белсенді физикалық жүктеме қажет.  Бірте-бірте салмақ тастаған адам кейін сол салмақты жинамайды. Себебі, ағзаны бұл процеске үйрету керек, жүйелі түрде арықтағанның тиімділігі орасан зор. Тез арада көп салмақ тасталса қайтадан сол салмақты жинап алу қаупі жоғарылайтынын ұмытпау керек. Себебі, ол адам ағзасының қорғаныс реакциясы» - деп көрсетті маман.

Маманның пікірінше, адам ретсіз тамақтанғаннан асқазан сыйымдылығы да кеңеіп кетеді. Дұрыс тамақтану жүйесін қалыптастырудың да өз сатылары бар.

"Ең бірінші ұнды өнімдерден бас тарту керек. Мәселен, адамның бір әдетін өзгерту үшін адамға 21 күн керек (егер адамның күш жігері болмаса). Кешкі сағат жетіден соң тамақтанбаған дұрыс. Кешкі тамақ қозғалыс болмағандықтан артық май болып жиналады. Адам дастархан басынан тоймай тұру керек. Ол тойыну сезімі адамның орталық жүйке жүйесіне  20 минуттан соң келеді соған дейін шыдау керек. Ол үшін тамақты асықпай жеу керек, жақсылап шайнау керек, ауыз қуысында тамақтың қортылуына көмектесу керек. Асқазанның осылай біртендеп көлемі азая бастайды. Бірақ барлығы жүйелі түрде болуы керек. Оған мүмкін біраз уақыт керек" деді дәрігер.

Кез келген отбасында тамақтану үрдісі, сол үйдің өскелең ұрпағының да тамақтану мәдениетін қалыптастырады. Анасы отбасын қалай тамақтандырса балаларда да сол әдетті бойына сіңірмек. Яғни, болашақта бала ересек болғанда ол да өз отбасынан соны талап етеді. Сондықтан, барлық ана осы жерде қателеспеу керек дейді маман.

«Артық салмаққа бала құрсақта жатқан кезде бейімделетінін бірі білсе, бірі білмейді. Бала туылған кезде анасында да әкесін де семіздік болса ол балада семіздіктің даму мүмкіндігі 97 пайыз болады. Тек қана әкесінде болса ер балаға 47% беріледі. Ал қыз балаға анасынан шамамен 86% беріледі. Яғни, анасынан қыз балаға берілу қаупі жоғары» деді Майра Қайнарбаева.

Артық салмақ дертінен алдыңғы қатарда құрлық мемлекеттері, Мексика, АҚШ елдері көш бастап тұр. Ал Азия елдері артық салмақтың таралуы бойынша соңғы орындарда орныққан. Дегенмен елімізде тамақтанудың өзгеруіне, шет елдерден түрлі фастфудтаардың келуі, адамдардың үйден емес сырттан көбіне тамақтануы қоғамда етек алып келе жатқаны да бір себеп.

«Абайсызда артық салмақ жинап алсаңыз, асықпаңыз» дейді нутрициолог дәрігер.

«Дұрыс тамақтанудың ұстанымы бойынша күнделікті дені сау адам, төрт рет тамақтануы керек. Ол таңертеңгілік ас, екінші таңертеңгілік ас сағат он бірлерде, түскі ас және кешкі ас. Түнгі мезгілде көп тамақтануға болмайды. Жетіден кейін мүлдем тамақтанбау ол салыстырмалы түрде айтылған. Ол үрдіс негізінде күндіз қызмет жасайтын адамдарға қатысты. Ал түнгі ауысымда жұмыс жасайтындар үшін бұл процесс басқаша жүреді» деп қортындылады.

Светлана Әбдірахманова

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490