Елімізде әйелдердің саясатта, бизнесте, азаматтық қоғамда жетекші орындарды иеленуіне көмектесетін бағдарламалар әзірленуде
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елімізде әйелдердің саясатта, бизнесте, азаматтық қоғамда жетекші орындарды иеленуіне көмектесетін бағдарламалар әзірленуде.
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының ашылуы салтанатында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай айтты.
К. Мәсімов Қазақстанда әйелдер мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқарып отырғандығына тоқтала келе, «статистикаға қарағанда, әйелдер біздің Ішкі жалпы өнімнің 30 пайыздық үлесін қосып отыр. Бұл көрсеткіш тұрақты түрде жоғарылап келеді. Сондықтан да Қазақстандағы әйелдердің прогресі - кемсітушіліктің барлық түрлерін жоюға негізделген біздің ниетімізді дәлелдеп отыр»,-деп атап өтті Премьер-Министр. Осы орайда Үкімет басшысы Қазақстан бүгінде алалаушылық пен кемсітушілікке тосқауыл қою бойынша Еуропалық Одақ құрамындағы Италия, Франция секілді 12 мемлекетпен тең тұрғанын жеткізді.

ТМД және Орталық Азия аумағында алғаш рет өтіп отырған Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының биылғы алқалы жиыны «Ғаламдық экономикалық даму: қарым-қатынас, бәсекелестік, ынтымақтастық» тақырыбына арналып отыр. Форум аясында ислам банкингі, қаржылық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті, балама энергия көздерін, «халал» индустриясын дамыту және тағы басқа өзекті мәселелерді арнайы сессияларда талқылау жоспарлануда. Ол үшін Астанаға шетел мемлекеттерінен шамамен 2 мыңға жуық бизнес өкілдері, әлемдік деңгейдегі экономистер мен қаржыгерлер келді.