Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2016 0 пікір 10 Маусым, 2011 сағат 05:49

12 мың теңге пара үшін АӨК мемлекеттік инпекциясының аумақтық бөлімінің бастығы жеті жылға бас бостандығынан айыруға сотталды

Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы 12 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін мүлкін тәркілеумен жеті жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы).

«Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы Ө.Байболатовқа қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады. Ол жүйелі түрде Н. есімді азаматтан Шиелі ауданында сатып алынған ірі қара малды басқа аумаққа алып шығуға қажетті сертификатты алу үшін тұрақты түрде ақша беріп тұруын талап еткен. Департамент қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында ол 12 мың теңге пара алу үстінде ұсталды», - деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар ол қызмет өкілеттігін пайдаланып, қызметтік жалғандық жасау арқылы, нақтырақ айтқанда аталмыш азаматқа сертификаттарды заңсыз берген.

«Қызылорда облысы, Шиелі аудандық сотының үкімімен Ө.Байболатов ҚР ҚК 311-бабының 4-бөлігі «г» тармағы (пара алу), 307-бабының 2-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану), 314-бабының 2-бөлігі (қызметтік жалғандық жасау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымда болу құқығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды», - деп көрсетілген хабарламада.

АСТАНА, 10 мау - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496