Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2100 0 пікір 12 Маусым, 2011 сағат 10:04

18-19 маусымда Алматыда Борис Эйфманның «Анна Каренина» балетінің премьерасы болады

Ресейден кейін ТМД аумағында алғаш рет Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында ресейлік хореограф, балетмейстер, Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет Театрының көркемдік жетекшісі Борис Яковлевич Эйфманның қойылымындағы «Анна Каренина» балетінің тұсау кесер көрсетілімі болады. Борис Эйфман - Ресейдің Халық әртісі (1995), Ресейдің Мемлекеттің сыйлығының иегері (1998).

«Анна Каренинаның» әлемдік премьерасы Борис Эйфманның театрында 2005 жылғы 1 сәуірде өтті.

Аталмыш спектакль үшін Борис Эйфман «Бенуа-де-ла-Данс» ("балет Оскары", негізі 1991 жылы қаланған) халықаралық би және хорегорафиялық сыйлықтың иегері атанды. Ал басты рөлді сомдаған Мария Абашова балеттегі үздік рөлі үшін «Золотая маска» жоғары сыйлықтың лауреаты атанды.

1977 жылы Эйфман Ленконцерттің негізінде «Новый балет» атты өзінің жеке театрын ашты. Ол 1990 жылдары Борис Эйфманның жетекшілігіндегі Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет Театры болып өзгертілді.

«Анна Каренина» - ішкі психологиялық қуатқа бай және эмоционалдық әсер ету күші орасан зор балеттердің қатарына енеді.

Лев Толстойдың романының желісі бойынша қойылған балетте хореограф Анна-Каренин-Вронский үштігіне баса назар аударған. Дененің пластикасы арқылы автор өз спектаклінде азғындап кеткен әйелдің бейнесін, драмасын көрсетуге ұмтылған. Құмарлық сезімі бойын билеп-төстеген әйел адам қандай да болмасын құрбандыққа баруға әзір. Хорегорафтың сенуінше, оның спектаклі өткен күндер емес, қазіргі заман туралы сыр шертеді - осызаманғы эмоциялар, ақиқаттық болмыспен тіке салыстырулар жүргізуі осыкүнгі қандай да бір көрерменді енжар қалдыра алмайды. Жоғары деңгейде орындалған техника мен хорегорафияның арқасында Толстойдың романындағы психологиялық кезеңдердің барлығы нақышына келтіре толық жеткізілгенін аңғаруға болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520