Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2859 0 пікір 12 Маусым, 2011 сағат 10:08

Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы еңбектердің библиографиялық көрсеткіші жарыққа шықты

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты ғалымдарының ел тәуелсіздігінің 20-жылдығына арнап әзірлеген «Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы еңбектердің библиографиялық көрсеткіші»атты кітаптыңтұсаукесері өтті.

Қазақстан тәуелсіз ел болғанынан бері зерттеу тақырыбы қазіргі мемлекеттің өзекті мәселелеріне арналған тарихшы-ғалымдардың, саясаттанушылардың, философтардың, әлеуметтанушылардың, экономистердің, отандық және шетелдік ғалымдардың талай еңбектері жарық көрді. Өкінішке орай, олардың бірі оқырмандарға таныс болғанымен, енді біреулері оларға белгісіз болып қалуда. Соңғы факторды негізге ала отырып, Мемлекет тарихы институтының ғалымдары тәуелсіздік дәуірінде басылып шыққан кең көлемдегі ғылыми еңбектердің, қазіргі Қазақстан тарихы тақырыбына жазылған жарияланымдарың, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінің басын құрастырып библиографиялық көрсеткішті   оқырмандар назарларыңа ұсынып отыр. Аталған көрсеткіш 1991-2011жж. аралығындағы кезеңді қамтиды. 176 беттен тұратын библиографиялық көрсеткіштің құрылымы алғысөзден және II тараудан  тұрады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік дәуіріндегі жарияланған еңбектері» деп аталатын  бірінші тарауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өз қаламынан шыққан және Тәуелсіздікті алу кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі республиканың даму ерекшеліктерін айқындайтын еңбектері, Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары, мақалалары, Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері мен сұхбаттары, Елбасы туралы жазылған отандық және шетелдік авторлардың  еңбектері топтастырылған.

Көрсеткіштің екінші тарауында тәуелсіз мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына қатысты тематикалық енбектер жүйеленіп, әр жылдары мерзімді басылымдарда жарияланған тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша мақалалар топтастырылған.

Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б. Аяған ұсынып  отырған көрсеткіштің ерекшеліктеріне тоқталып өтті. «Аталған көрсеткіш  тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет шығарылып отыр. Бүгінгі күнге дейін мұндай библиографиялық көрсеткіш болған емес. Көрсеткіш студенттерге, магистранттарға, ғалымдарға пайдалы. Кез-келген зерттеуші - Тәуелсіздік тақырыбы  бойынша шыққан  әдебиеттер туралы деректерді көрсеткіштен таба алады. Аталған көрсеткіш туралы мәлімет Мемлекет тарихы институтының сайтына орналастырылады», - деді ғалым сөзінде.

Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С. Селиверстов кез-келген тақырыпты зерттеу деректерден басталса, ал деректер библиографиялық көрсеткіштен басталатындығын алға тартты.

Астана қаласындағы Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ж. Дүйсен кітаптың құндылығына, таптырмайтын оқу құралы екендігіне ерекше екпін түсірді.

Жиын соңында Институт директоры Б. Аяған жиналған жұртқа, Ұлттық Академиялық кітапхананың қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жарыққа шыққан кітаптың бірнеше данасын кітапхана директоры Ж. Шаймұханбетоваға сыйлады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517