Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2643 0 пікір 13 Маусым, 2011 сағат 07:16

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ. КӨРКЕМДІК ҮРДІСТІҢ ҮЛГІСІ

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының руханиятында ояну үрдісінің сәулелі шұғыласы жарқ еткендей көрінеді де тұрады. Абай, Шәкәрім және Алаш арыстарының барлығы да Сұлтанмахмуд айтса айтқандай-ақ «қараңғы қазақ төріне өрмелеп шығып күн болған» екен ғой. Алайда, большевизмнің қанды қырғыны оларды көзден бұлбұл ұшырды. Дегенмен, көңілден ғайып ете алмағанына да шүкіршілік дейміз де. Идеяларының өміршеңдігі расында, «күн сөнгенше сөнбесі» ақиқатқа айналғандай. Олардың сол тұста жасаған кез-келген туындысын қарастырып көріңіз. Барлығы сол тұстағы әлемдік үрдістен бір елі кейін қалмаған. Бүгіншілеп айтқанда, «әлемдік стандартқа» сай көркемдік туындыны сол аға буын жасап, сыншыл реализмнің негізін қазақ даласында қалап кеткен жоқ па екен.

Жалпы көркемдік дүниеден толық хабардар адам өнер туындысының тілдік элементтерінің байланысын, өзара әсерлерін, қарым-қатынасын игеру барысында көркемдік көңіл толқуларына берілумен қатар терең мәдени мазмұнға бойлайды. Көркемдік мәтіннің өзге құдіретін айтпағанның өзінде ондағы адамның кескін-келбеті, жаңа дәуірдегі дүниетаным, көзқарас үлгілері секілді өнер туындыларында жиі көрініс табатын мәдени элементтермен үнемі бетпе-бет келеміз.

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының руханиятында ояну үрдісінің сәулелі шұғыласы жарқ еткендей көрінеді де тұрады. Абай, Шәкәрім және Алаш арыстарының барлығы да Сұлтанмахмуд айтса айтқандай-ақ «қараңғы қазақ төріне өрмелеп шығып күн болған» екен ғой. Алайда, большевизмнің қанды қырғыны оларды көзден бұлбұл ұшырды. Дегенмен, көңілден ғайып ете алмағанына да шүкіршілік дейміз де. Идеяларының өміршеңдігі расында, «күн сөнгенше сөнбесі» ақиқатқа айналғандай. Олардың сол тұста жасаған кез-келген туындысын қарастырып көріңіз. Барлығы сол тұстағы әлемдік үрдістен бір елі кейін қалмаған. Бүгіншілеп айтқанда, «әлемдік стандартқа» сай көркемдік туындыны сол аға буын жасап, сыншыл реализмнің негізін қазақ даласында қалап кеткен жоқ па екен.

Жалпы көркемдік дүниеден толық хабардар адам өнер туындысының тілдік элементтерінің байланысын, өзара әсерлерін, қарым-қатынасын игеру барысында көркемдік көңіл толқуларына берілумен қатар терең мәдени мазмұнға бойлайды. Көркемдік мәтіннің өзге құдіретін айтпағанның өзінде ондағы адамның кескін-келбеті, жаңа дәуірдегі дүниетаным, көзқарас үлгілері секілді өнер туындыларында жиі көрініс табатын мәдени элементтермен үнемі бетпе-бет келеміз.

Қазіргі мәдениет ғылым философияның қосалқы бөлшегі болудан қалып, шығармашылық туынды жасау, шешендік өнер, өнертану секілді көркемдік іс қызметтің белгілі салаларын зерттейтін салаға айналды. Ал, философия әсемдік пен өнер табиғатын, көркем туындының қайнар көзін зерттеді. Алайда, көркем туындының психологиялық және социологиялық мәселелерін бір ғана философия ғылымының шама-шарқы жете қоймастай биікке көтерілген. Осы себептен ежелгі дәуірде пайда болған өнертану мен Грек классикалық мәдениеті тұсында туғанымен эллинизм кезінде дамудың жоғарғы сатысына жеткен шығармашылық пен шешендік өнер мәселені шешуге өз үлесін қосатын болған. Осы тұстан бастап эстетикалық даму үрдісі философиялық және өнертану бағыты бойынша дамыды. Алайда, өнер саласындағы ғылым өкілдері тікелей дербес ғалымдарға айналып кетпеді, біршама уақыт философияның белгілі бір тармағына жатқызылып келді.

Жаңа ғылыми ағымның қамтитын аумағы тек қана бір өнер жанрын анықтаушы ұстаным ретінде туындыгердің өмірі, шығармашылық жолы және айналасын қамтыды. Эстетикалық ойлаудың алғашқы болмысы ретінде өнердің жаңа жанры ағартушылық дәуірдің маңызды сипаты көптің санасына, рухани ойына ықпал ететін міндетімен үндесті. Себебі, өнердің өзі толыққанды әсемдікті айшықтауды көздейді. Алайда мұндай жағдайда әсемдіктің айқындалу көрінісі болатын өнердегі айқындама мен әрекеті өзіне қауіп төндіреді. Сондықтан, ежелгі туындыгерлер әсемдікті жасау үшін қиындықты көрсетуден, шынайы өмірді дәлме дәл бейнелеуден бойларын аулақ салды. Әсемдік пен шынайы айқындама екеуі осылайша бір қарама-қайшы полюстен орын теуіп, өнердегі олардың бірлігі эстетиканың ең маңызды талабы болатын әсемдік мәселесіне әкеледі.

XVII- XVIII ғасырлардағы көркемдік ойлау жүйесі жаңадан қалыптасқан қоғамның жаңа тұрмыс салтының эстетикалық мәселелерін шешуге тырысса, ХІХ ғасырдағы сыни реализм адам мен оның эстатикалық ойлау проблемаларына басты назар аударды. Жалпы сыни реализмнің негізгі ерекшелігінің өзі мәселеге дені дұрыс оймен қарауға тырысатындығы еді. XVII- XVIII ғасырлар тұсындағы әдебиетте негізінен жағымды кейіпкер тұрғысында көрініс табатын эстетикалық арман мүдде сыни реализм туындыгерлерінің бейнелеп отырған кейіпкеріне деген көзқарасын білдіретін толық бір жүйе арқылы айқындалатын болды. Бұл жүре келе қоғам мен оның құрылымын сынға алуға итермеледі. Н.Г. Чернышевский айтқандай, өнердің мақсаты шынайы өмірді образ арқылы ашуға бағытталды. ХІХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап, Еуропада сыни реализм қарқынды дамыды. Аталмыш ағымның даму нәтижесінде Францияда О. Бальзак, Стендаль, Англияда Ч. Диккенс, Ресейде Л. Толстой, Ф. Достоевский, А. Чехов сынды өнер мен әдебиеттің көрнекті өкілдері туды. Айталық, сыни реализмнің Ресейде қысқа мерзімде дамығаны соншалық А. Пушкин, М. Лермонтов, Н. Гоголь секілді ақын, жазушылар романтизмнен реализмге ауысты.

ХІХ ғасыр тұсында адамзат тарихында алғаш рет шаруашылықтың бірлескен жүйесі қалыптасып, қоғамдық өндіріс аясына түрлі салалар тартыла бастады. Осыған байланысты өнер зерттеу аумағы да кеңейді. Өнер ықпалының аясына әлеуметтік кең арналы үдерістер, адам психологиясының күрделі құбылыстары, тұрмыстық  жан-жақты көріністер, табиғат, шынайы өмірдің қаптаған нысандары қамтылды. Сол арқылы әлеуметтік маңыздылыққа, эстетикалық құндылыққа баланды. Өнердің басты зерттеу нысаны болып табылатын адам туралы мәселе терең өзгеріске еніп, әлеуметтік байланыстар жалпы ортақ сипат тапты.  Аталмыш өзгерістерге сай адамның рухани өмірінде өнер, көркемдік дүние сипатындағы сабақтастықты көрсететін құбылыстар пайда болды. Нәтижесінде, сыни реализмге негізделген көркемдік жаңа ағым қалыптасты.

Мәдениет жеке адамды жалғыздықтан құтқарып, адами қарым-қатынасқа тартады және қоғам алдындағы жауапкершілігін сездіретіні мәлім. ХХ ғасырда мәдениет пен өнер шынайы өмірдің күрделі үрдістерімен, әлеуметтік дамудан туындаған қиындықтармен, қоғамдық қайшылықтардың тереңдеуімен, ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінен туындаған өткір проблемалармен, бүкіл адамзаттық мүддені білдіретін саясат, экология, моральдық қыруар мәселелермен бетпе-бет келді. Осының өзі ақыр аяғында барша жұрттың өнерге деген жаңа талаптарын туғызды. Батыс әлемінің өнеріндегі ең озық прогрессивті ағым ретінде сыншыл реализм аталмыш жаңа талаптарға жауап беріп, өз көзқарасының негізгі бағытын адамдар арасындағы қатынастың қарақан бастарының қамын күйттеушіліктеріне, кісімшіліктеріне, ашты араздықтарына, жалпы түйінді проблемаларға арнады. У. Фолкнер, Э. Хемингуэй, А. Сент Экзюпери, И. Бергман, М. Антониони, Ф. Феллини, С. Креймер, Р. Кент, Н. Рерих секілді батыстық реалист туындыгерлердің шығармаларындағы адам жалғызсырауының экзистенциал (заңдылықпен орын тебушілік) тағдырды еңсерудің міндетті екендігін дәлелдеген оқиғалар көптеп бейнеленді. Айталық, А. Сент Экзюпери адамды үрдіс және белсенді тұлға деп қарастырды. Оның еңбектерінде қолданылатын негізгі ұстаным «егер мен оқиғаға қатысушы болмасам өзге кім болғаным?» деген сауал болатын. Ол адамдар арасында бауырластық қағида орнатуды насихаттады. Оның «Кішкентай ханзада» шығармасының негізгі идеясы егер кім де кім өзге бір елде немесе жат ғаламшарда қиындық көріп, азапталып жатса ешкімнің  ешқашан бақытты бола алмағаны дегенге келіп саяды. Сондықтан, А. Сент Экзюперидің өмірдің мәнін түсінуі, шығармаларының жанды тұсы адамдар арасындағы қатынас және ондағы қайшылықтарды, жеке бастың қамын ойлаушылықты еңсеруге шақыру болды.

Адамға бақыт құсы табыс жетістіктер ғана емес, алға қойған мақсатын жүзеге асыру жолында жұмсаған күш қайратын сезінген саналылықтың өзі арқылы келіп қонады деген көзқарас Эрнест Хемингуэй шығармаларының арқауы болды. Хемингуэйдің «Шал мен теңізінде» «адамды өлтіруге болар, бірақ, олай жеңе алмайсың» деген жолдар бар. Бұл жазушы кейіпкерлерінің адами болмысының ұстанымы іспетті. Хемингуэй үшін шексіз-шетсіз ұлы мұхит пен теңізде жетім аралдай жалғыз адам ешқашан тұрмайды. Бұл оның өмірге деген шындығы, оның кейіпкерлерінің әділеттікке деген ұмтылысының негізі, адам жауапкершілігін сезінудегі дүниетанымының көркемдік нұсқасы.

Жаңа заман сыншыл реализмі, гуманизмі немесе адамгершілік көзқарас оның туындыларына әбден сіңген қасиет. Сыншыл реализмнің тағы бір көрнекті өкілі Г. Белльдің  бір повесінде екі кейіпкер жол азабын тарта жүріп, кездескен қиындықтарды жеңген соң ғана бір-бірін табады. Осы арқылы өз болашақтары мен өмірілерінде үміт пен сенімді тапқанын баяндайды. Шығарманың бас кейіпкері «Уақыт деген өзі мәңгі өлмес бола тұра өлімнің дәл соның қасынан табыла кететіндігін мен еш аңғармай келген екенмін. Көптеген адамдардың өлім-жітімі, азап-тозағы, жәрдем күткен айғайларының арасында мен әйтеуір өз бақ жұлдызымды көріп қалдым. Оптимизм өлімді де жеңе алады екен» дейтіні бар. Мұнда Белль махаббат деген өмірдің мазмұнын тағайындаушы, адамгершілік қасиеттің өлмес мәңгі қайнар көзі екендігін анық көрсеткен.

Адамзат тарихының барлық дәуірінде адам баласы өзі шығарма кейіпкерінің санасы арқылы соның ойымен байып, жеке тұлға қасиетінің асыл тегінен аз да болса бойына сіңіріп дамитын көрінеді. Сондықтан, белгілі бір кейіпкердің өмірі адамдар тұрмысына еніп, барша адамзаттың құрамдас бөлігіне айналады. Өмір айналымы осылай тұйықталмақ. Өлім арқылы тарыла түскен өмір мазмұны барша адамзат тірлігінде сақталып, дәстүрге айналып кетпек. Жеке басын күйттеген жалғызыраған жанның ішкі шектеуін махаббаттың көмегімен бұзып-жаруының арқасында Белль кейіпкерлері адамзатқа өмірдің мәнін түсіндірді.

Мәдениет және оның ең жоғарғы формасы болып табылатын махаббатқа негізделген адамдар арасындағы қатынас жалғыздық, тіршіліктің мәнсіздігін еңсеру құрал әрі адам баласының өмірдің мән- мағынасына жету жолын табатын тәсілі дегенді реализм өзіне қағида етеді. Сондықтан да болар, бір мерзімде дерлік Жапония кинорежиссері Кането Синдоның «Жалаңаш аралы» мен Италия  кинорежиссері Ф. Феллдің «Тамаша өмір» фильмінің шығарылуы сыншыл реализм үшін заңды құбылыс болатын. Өмірді бейнелеуі және сол бейнелеуде қолданған көркемдік тәсілі тұрғысынан аталмыш фильмдер бір біріне қарама қайшы туындылар болғанымен белгілі бір мәселені сан қырынан көрсетіп түсіндіруі жағынан келгенде ұқсас. «Жалаңаш арал» киносында демалып көңіл көтеру, рухани құндылықтар, жаңа дәуір өркениетінен үйрену үшін сағатсыз еңбек етудің мән-мағынасыз, күйретуші, адамдықтан ада сипаттарды көрсетеді. Ал, «Тамаша өмір» фильмінде бассыз, аяқсыз той-томалақ пен шектеусіз мейірам адамды іскерлік еңбектен толықтай ажыратып, мазмұнсыз бүлдіргіге, тұрмыстың тұтқынына айналдыратындығын ескертеді.

Ф. Феллингтің «Алты жарым» атты фильмінде жер әлемінің аса күрделі, жиынтық түріндегі түрлі дүниелерді көрсеткенімен адамның өмірде өз орнын табуын, тірліктің мәнін табу мүмкіндігі туралы баяндайды. Фильмнің бас кейіпкері әлде бір тың идея табу үшін табанынан таусыла іздеп жүрген кинорежиссер. Ол шығармашылықтағы өмірдің мазмұнын іздеп жүргенімен оны адамдарға қалай жеткізудің амалын таппай шаршап жүрген біреу. Өмір шындығын бәріміз танып білген секілді көрінгенімізбен адамдар бәз баяғы қалпы бақытсыз ғұмыр кешіп жатыр. Оларға саяси насихат, философиялық қағида, дінге табыну бәрі де көмектесе алмады. Сондықтан туындының бас кейіпкері аталмыш мәселенің бәрін шешуге қабілетті «өмір терминін» іздейді. Олар аса биік мұнара тұрғызып, оған ғарыш көлігін орналастырады. Сонымен атом мен ядролық қауіп төндіріп тұрған жер ғаламшарынан қашпақ болады. Қазіргі заманның ғарыш көлігі бір топ таңдаулы адамдарды жинап алып шексіз аспан әлемінен бақыт іздеуге бел байлайды.

Алайда, ғарыш кеңістігінде қанша самғаса да ет жақын жер-ғаламшары олардан айырылмайды. Осылайша жаһандық қайшылықтар мен мазасыздықтан қашу дегеніміз дағдарыстан шығудың амалы емес екені белгілі болады. Ақыры, бас кейіпкер- режиссер адамдарды ғарыштық кемеден түсуді бұйырады. Мәселені шеше алмаған режиссер аяқ астынан өте тиімді идея табады. Оның пәрменімен музыка ойнап, адамдардар жетектесе тұрып ән шырқайды. Осылай ән айтқанда олар үшін атом бомбадан келетін қауіп түкке тұрмайтындай сезіледі. Оларға ең бастысы ғарыш кемесі емес, бауырлас қатынастың, бірліктің маңыздылығы түсінікті болады. Қазіргі заман әлемінің гуманистік образын жасаған аталмыш кино әрбір қайшылық пен күрестің бірлігі, жақындасуы адамдар арасындағы түсіністік арқылы қалыптасатындығын айғақтайтын сыншыл реализмнің нақты мысалына айналды.

Осылайша, ХХ ғасырлық сыншыл реализмның ықпалымен Батыс елдерінің өнер шеберлері шығармашылық туындыларын жасап, сол шығармаларында адамгершілік мәселелері, адамның қоғамдағы орны, қарым-қатынасы секілді философиялық проблемаларды көркемдік тәсілмен түсіндіруге тырысулары ірі прогресс болатын.

Сол сыншыл да сыршыл реализмнен өткен ғасыр басында қазақ санасына сілкініс жасаған Алаш арыстары да тыс қалмағанының дәлелі жазып қалдырған әдеби мұралары іспетті көрінеді де тұрады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543