Шығыс Қазақстан фонограммаға қарсы
Шығыс Қазақстан облысы бір қызық бастама шығарып отыр. Облыстық мәдениет басқармасы болып жасанды дауысқа қарсы. Бұрын соңды бұндай «қызықты» кім естіген. Қазір өзі дауысын компьютерде жазып алып «минусовка», «плюсовкамен» сахна төрін жаулап алған әншілердің заманында шығыстықтардың бастамасына расында мән беруге тура келеді. Әнді фонограммамен айту - қазақ әншілерінің арасында ғана сәнге айналған үрдіс емес. Фонограмма да ән әлеміндегі жаңалықтың бірі, ән өнерін дамытып келе жатқан жаңа дәстүр. Бірақ, жасанды дауыстың шын өнерді мұқатып, билеп төстеп төрге озып бара жатқаны да шындық. Қазіргі жұрт құлағы бұлбұлдан әтештің дауысын айырудан қалып барады. Осы есептен қарағанда, Шығыс Қазақстанның фонограмаға қарсы «соғысы» саңлақтарды тануға, кәусар үнді кемел биігіне көтеруге жол ашатын шараға ұқсайтын сияқты. Сонымен...
Өскемен қаласында 2011 жылдың 9-10 маусым күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай, «Шығыс әуендері - 2011» вокалды-аспаптық ансамбльдерінің байқауы болып өтті. Бұл байқауға облыстың Семей, Өскемен, Аягөз, Зырян, Тарбағатай, Көкпекті өңірлерінен 15 вокалды-аспаптық ансамбльдері қатысты.
Байқаудың басты мақсаты - жанды дауыспен ән салуды насихаттау.

Сонымен қатар, вокалды-аспаптық ансамбльдердің материалдық-техникалық базаларын дамыту. Топтар мен ансамбльдердің әр жанр бойынша репертуарларын байыту, жанды дауыспен ән салатындардың жақсы қалыптасқан дәстүрін сақтау.
Осыған байланысты, «Шығыс Қазақстан фонограммаға қарсы» баспасөз мәслихаты да ұйымдастырылды. Оған Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар, Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Құсмілия Нұрқасым, композитор, қазылар алқасының төрағасы Оралхан Сәдуақасов, ҚР мәдениет қайраткері Болат Құсайынов қатысты.
Байқаудың жеңімпазы болып, өскемендік «А-ШИН» және катонқарағайлық «Достар» ансамбльдері танылды.
«Абай-ақпарат»