Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2031 0 пікір 14 Маусым, 2011 сағат 09:33

Кемпірлер. Қыздар... енді сәбилердің «сымбатын» тамашалауға жеттік

Күні кеше әжелер әбүйірін көрсете бастады деп шырылдап едік. Енді құлын денесін жарнамалаудың жолына құлыншақтар шықты.  Қызылорда қаласында ұйымдастырылған бүлдіршіндер арасындағы сұлулық бәйгесі осы сөзімізге дәлел.

Қалалық ішкі істер департаменті есірткіге қарсы акция ретінде ұйымдастырған сұлулық сыны 3-6 жас аралығындағы  сүйкімді бүлдіршіндердің басын қосыпты. Сайыс үш кезеңге бөлінген. Бастапқыда сәнді көйлектерді жарнамалаған сәбилер кейін сахнаға ашық-шашық шыға бастапты. Жыл сайын  «Мисс Казахстана» деген атпен алаулатып жалаулатып өтетін жарыста іш киімдерді бұлықсып бойжеткен бойшаң қыздар жарнамалаушы еді ғой. Қызылордалық бүлдіршіндер де әпкелерінен қалмауды жөн көріпті. Суға түсетін киіммен сахна төрінде көлбеңдеген кішкентай қыздардың бұл қылығына кімді жауапты етеміз? Заманауи байқаудың сценариін түзген ұйымдастырушыларды ма, әлде шынашақтай қызын шешіндіріп тастаған ата-ананы ма?!  Күні кеше Түркістандағы төрт жасар Аяулымның абыройы төгілгенде аһ ұрып едік қой. Ештеңенің де сабақ болмағаны ма?!  Тіпті, сайысқа қатысушылар арасында ер бала да болған көрінеді.

Депутат Мұрат Әбенов сыр елінде мұндай сұмдықтың болғанына ашынып отыр. Өзі сол жақта қызмет етіп жүргенде сәбилер арасында осындай сайыс өткізуді ұсынғандарға ылғи үзілді-кесілді тиым салып келген екен. Ұлтты аздырғысы келетіндердің жергілікті билікті бұған қалай көндіргеніне таң қалады. Халық қалаулысы әлеуметтік желіде жан айқайын жазыпты. Осыдан соң қызылордалықтар түк болмағандай суреттерді сайттардан алып тастаған екен. Алайда, олардың арам ойларын әшкерелейтін айғақтарды ұлт үшін шырылдап жүрген азаматтар әдейі сақтап қойыпты. Босқа байбаламдап жатпағанымызды суретке қарап өзіңіз-ақ түсінесіз. Кемпірлерден бастап бойжеткендерімізге дейін түгел шешініп еді, енді періштедей сәбилеріміздің "сымбатын" тамашалауға жеттік. Бұл не деген сорақылық. Қазақ қоғамы қайда кетіп барады?

masa.kz интернет газеті мен «абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543