Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5158 1 пікір 8 Мамыр, 2019 сағат 12:14

Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті

2019 жылғы 6 мамырда Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ажырасулардың, алимент төлемеудің, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.

Селекторлық режимде өткен мәжіліске ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ішкі істер, Әділет, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің басшылығы, өңір әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ өңірлік полиция департаменттері, ішкі саясат, отбасы және жастар істері жөніндегі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының басшылары қатысты.

Мәжілісті   ашқан   Гүлшара    Әбдіқалықова   ҚР    Тұңғыш    Президенті   -  Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде негізгі міндеті азаматтардың өмір сүру сапасын және әл-ауқатын арттыру болып табылатын жаңа әлеуметтік саясат іске асырылып жатқанын атап өтті. Өңірлерде халықпен кездесу кезінде некені бұзу, алименттерді төлемеу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық негіздегі зорлық-зомбылық фактілері өзекті болып отырғандығы анықталды және бүгінгі күні барлық уәкілетті органдардың шұғыл шаралар қабылдауын талап етіп отыр.

Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ажырасудың алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, алименттер борышкерлерімен күрес жүргізу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерді қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерін азайту жөніндегі ұйымдастыру шаралары қабылданды.

«Сотта, соттан тыс жерде татуластыру» және «Отбасылық сот» пилоттық жобаларын іске асыру 2018 жылы азаматтардың бұзылған құқықтарын татуластыру арқылы қалпына келтіруге оң әсерін тигізді. Татуластыруға байланысты қысқартылған істердің саны 5,5% - ға, талап арыздары қараусыз қалған істердің саны 10% - ға және қайтарылған талап арыздарының саны 57,6% - ға артты.

Алимент төлемеу проблемасына жұртшылықтың назарын аудару бойынша шаралар қабылдануда. БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және қоғамдық орындарда жүргізілетін жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеу қамтамасыз етілді. Іс-тәжірибе көрсеткендей, борышкерлерге қатысты әкімшілік және қылмыстық істерді қозғау мәжбүрлеудің ең тиімді шараларының бірі болып табылады. Мұндай шара қолданылғаннан кейін борышкерлер қарыздарын өтейді.

Рейдтік іс-шаралар аясында прокурорлар сот орындаушыларымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп 2018 жылы 200 жуық борышкердің автокөліктерін айыппұл тұраққа тапсырды (2019ж. 1 тоқсан - 113,  2018ж. 1 тоқсан – 75). Сонымен қатар, алименттерді өндіріп алу бойынша басқа да кешенді насихаттау іс-шаралары жүргізіледі.

Өткен жылы борышкерлер 1,1 млрд. теңге сомасына берешекті өтеген. Еңбекпен қамту  органдарымен 6 мыңнан астам жұмыссыз борышкер есепке алынды (2019ж. 1 тоқсан - 4 мың). Бос орындар жәрмеңкесі арқылы (кәсіпкерлердің көмегімен өткізіледі) 1,5 мың адам жұмысқа орналастырылды (2019ж. 1 тоқсан - 511).

Әйелдер мен балаларды отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде шаралар қабылдануда. Мақсаты – тұрмыстық қылмысты 2020 жылға қарай 20%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға төмендету белгіленді. ІІМ жүйесінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше (124 қызметкер) енгізілді, 36 дағдарыс орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 24 баспаналы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық бұзушыны әкімшілік ұстау мерзімі 3 сағаттан 24 сағатқа дейін ұзартылды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 789-бабы).

2017 жылдан бастап Шымкент қаласы мен Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың пәрменді тетіктерін құруға бағытталған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы енгізілді.

Мәжілістің қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371