Сирияда саяси толқулар жалғасуда
Елдің қарулы күштері үкіметке қарсы наразылықты басып, тәртіп орнату үшін Түркия және Иракпен арадағы елді мекендерге танктерін кіргізген. Қарулы қақтығыстардан қашқан сириялықтардың көбі Түркияны паналауда.
Қазір шекараның екі жағында да босқындар лагерлері ашылған. Олардың тұрмысы мен санитарлық жағдайы өте нашар, деп хабарлайды Ассошиейтед Пресс агенттігі. Балалар арасында ауру-сырқау көбейген. Джиср-әл-Шугур қаласы тұрғындарының айтуынша, солдаттар үйлерді танктермен бұзып, бейбіт адамдарға оқ жаудырған. Сирияның үкімет әскері тек Түркиямен шекарадағы Джиср-әл-Шугур қаласымен қатар, Иорданияға жақын Дараа және Ливан шекарасына таман Хомс қалаларындағы наразылықты күшпен басуда. Мемлекет аумағынан шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері шығарылып жіберілгеніне байланысты, ондағы ахуалдың дәл қандай екенін айту қиын. Дегенмен сириялықтардың өздері наразылық басталған наурыз айынан бері 1 мың 400 адамның қаза тауып, 10 мыңнан астам адам қамауға алынғанын айтады.
khabar.kz