Нұра Матай. «ҚазАқпарат»: жалақы жыры
Өткен жолы «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшілері табан ет, маңдай терлерінің өтеуі - ақадал еңбек ақыларын айлап алмағандарын ашына айтқан. Оны дер кезінде порталымыз мәселе етіп көтерген еді. (http://old.abai.kz/content/ermek-karabala-kazakparattyn-karny-ash). Содан іле-шала агенттік қызметкерлері алдындағы жалақы қарызын түгел өтемесе де там-тұмдап, шай-тұздық ақша берген еді. Енді міне, жалақы жыры қайта басталыпты.

Сөйтіп, ақша күтіп сарғайған «ҚазАқпарат» журналистерінің төзімі түгесіліп, бүгіннен бастап жұмыс істеуден бас тартып жатыр. Әсілі, агенттік пен қызметкерлер арасындағы келісім-шарт бойынша еңбек ақы әр айдың онында берілуі керек екен. Алайда, жыл басынан бері жалақының кешіктірілуі осымен үшінші рет қайталанып отыр. Әнеугүні агенттіктің Алматыдағы бөлімшесіндегі журналистердің жан айқайын жазғанына тырс етпеген «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы Дәурен Дияров Астанадағы агенттік тілшілеріне берген жалақы мәселесіне қатысты түсініктемесінде: «Ғаділбек Шалахметов басқарған кездегі қаржыгерлердің жіберген қателігінен агенттік бюджетке 200 млн. теңге берешек болып қалған. Соның кесірінен есеп-шоттардың бәрі жабық. Қазір бұрынғы басшының тұсында кеткен қаржылық қателіктерге байланысты сот процесі жүріп жатыр. Ал, байланыс және ақпарат министрлігі агенттікке қаражат аударуға дайын болғанымен, ол ақша аударылған бойда автоматты түрде бюджеттің қарызына кетеді», - депті. Тоқ етері ақша жоқ. Журналистерге жалақы деп "жыламаңдар" дегенге саятын түсініктемесінде Дияров мырза агенттік басшыларының жалақылары да айлап кешігіп жатыр ма, жоқ па ол жағын айтпапты...
Айтпақшы, «ҚазАқпарат» бірнеше тілде ақпарат тарататын жүз пайыз мемлекетке тиесілі жалғыз ақпарат агенттігі. Сол жалғыздың жағдайы жыларман, қарыздан көзін аша алмай, тілшілеріне тиын тауып беруі мұң болып тұр. Бұрынғы басшының босқа кетпей 200 млн. теңге қарыз тастап кете барыпты. Айналып келгенде бар ауыртпалық агенттіктің отымен кіріп, күлімен шығып, адал еңбек етіп отырған журналистерге түсіп отыр.
«Абай-ақпарат»