Маусымның соңында Парижде Қазақстанның Франциядағы мәдениет Күндері өтеді
Маусымның 21-і мен 23-і аралығында Парижде Қазақстанның Франциядағы мәдениет күндері өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет министрінің Баспасөз қызметінен.
Оның шеңберінде қазақ сахнасының шеберлері Париждің керемет сахналарының бірі «Гаво» концерт залында өз өнерін паш етпек. Қазақ жерінің өнерін сыншыл француз көрерменіне еліміздің бетке ұстар және танымал шеберлері ұсынбақ. Олар: Қазақстанның және КСРО Халық әртісі Әлібек Дінішев, Құрманғазы атындағы халық аспаптарының Мемлекеттік академиялық оркестрі, Дирижері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жалғасбек Бегендіков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының камералық оркестрі, Дирижері - Айдар Абжаханов, халықаралық конкурстардың лауреаты Бибігүл Жанұзақ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Теміржан Ержанов, халықаралық конкурстардың лауреаты Медет Чотабаев, халықаралық конкурстардың лауреаттары Нұрия Кәрімбаева, Бибігүл Сауытова, Ержан Құлыбаев, Салтанат Ахметова және Бауыржан Әндержановтар.
Қазақстан мен Франция арасында достастық қарым-қатынас 1992 жылдың 7 қаңтарында Франция Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындаған тұстан бастау алды.

Ғылым, білім беру және мәдениет саласындағы қазақстан - француз ынтымақтастығы 1993 жылы Өнер және мәдениет саласындағы Үкіметаралық келісімнің, 1994 жылы Қазақтан Ұлттық ғылым академиясы мен Францияның Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының арасындағы Келісімнің шеңберінде дамуда.