Сенбі, 23 Қараша 2024
Сайлау 5647 11 пікір 12 Мамыр, 2019 сағат 19:36

Әміржан Қосанов сапарын Солтүстіктен бастады

11 мамыр күні кешкі сағат 18:00-ден бастап Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ресми тіркелген азаматтар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Солардың бірі - Әміржан Қосанов. 

Әміржан Сағидрахманұлы өзінің алғашқы сапарын Солтүстік Қазақстаннан бастады. Онда да аудандар мен ауылдарды аралаудан бастады. Бұл туралы саясаткер өзінің "Фейсбуктегі" жеке парақшасында жария етті.

"Сайлау науқаны алғашқы күнінің алғашқы кездесуін ұлы ақын Мағжан Жұмабавтың туған жерінде өткіздім. Менің бағдарламамда Алаш Орда идеясын мемлекеттік идеяның ұстыны ету туралы бап бар.

Мағжан ақын Алаш Орда үкіметінің көсемдерінің бірі болған. Басты символизм сонда! Оның үстіне саясаткерлер көбінесе орталықтағы қалалармен шектеліп жатады. Ауылға да барып тұру керек!

Әр кездесудің өз орны бар. Мына кездесу Ресеймен жақын орналасқан, басқа ұлт өкілдері баршылық қалада өтті. Сондықтан орыс тіліне де жүгініп отыруға тура келді.

Әр кездесуден видео жіберіп отыру парыз емес шығар. Өйткені бағдарлама туралы әңгіме қайталанып отыруы мүмкін. Сондықтан осы месседжімді барша Қазақстанға, оның үлкенді-кішілі қалалары мен шалғайдағы ауылына арналған хабар деп білерсіздер.

Сөздерім көкейден шығып жатса, бөлісіп отырсаңыздар, кұба-құп болар еді, сайлауға барам ба, бармаймын ба деп екі ойлы болып отырған ағайын!", деп жазды үміткер.

;t=38s&fbclid=IwAR0vS5Zt4QE3aUgX423XuxVV656un5V5nxdCrFHkRF1puZP-SOyxS_lpVhI

Естеріңізге сала кетейік, Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың кандидатурасын "Ұлт тағдыры" республикалық ұйымы құрылтайы ұсынған болатын. Ол Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды өткізіп, мемлекеттік тіл емтиханынан жоғары баға алған еді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401