Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4130 0 пікір 13 Мамыр, 2019 сағат 15:20

Назарбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозерді қабылдады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Уильям Мозерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, жауапты қызметінің табысты болуына ниеттестік білдірді.

– Осы жылдар ішінде біз АҚШ-пен өзара түсіністікке және достыққа негізделген қатынастар орнаттық. Қазақстанға АҚШ-тан қомақты инвестиция келді. 420 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Менің Вашингтонға жасаған былтырғы сапарым, соның аясында Президент Дональд Трамппен және бизнесмендермен болған кездесуім ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға жағдай жасады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Уильям Мозер Қазақстанға алғаш рет келгендегі әсері туралы айтты. АҚШ елшісі елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласын салу және таныту ісіндегі айтарлықтай нәтижеге қысқа уақыт ішінде қол жеткізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, АҚШ елшісі У.Мозер Нұрсұлтан Назарбаевқа Дональд Трамптың хатын берді. Онда АҚШ Президенті Елбасының өз өкілеттігін тоқтату және мемлекет басқару ісін саясаткерлердің жаңа буынына беру туралы шешіміне қолдау білдіреді.

– Мен Президент Трамптың хатын алдым. Ол біздің өңірдегі ахуал туралы алдағы уақытта да менімен кездесіп, ақылдасып отыруға ниетті екенін жеткізді. Дональд Трамппен жақсы қарым-қатынас орнады. Мен осындай байланыста болуға дайынмын. Біз үшін АҚШ маңызды серіктес саналады. Осы жылдар ішінде арамызда тек достық қатынастар болды. Ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының
Баспасөз қызметі 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401