Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1900 0 пікір 16 Маусым, 2011 сағат 04:56

Қазыбек Иса. Ресей премьері Владимир Жолбалаға қолбала емеспіз!..

Астаналық аймақтағы  Ақмола облысында   Тәуелсіз Қазақстанның негізгі мемлекет құрушы ұлтын мазаққа айналдыру акциясы жүріп жатқан секілді. Қазақтың ақшасына шығып жатқан мемлекеттік басылымдарда   қазақтың ең асыл мұрасы, қасиетті қарашаңырағы  саналатын  киіз үйді «бомждар баспанасы» деу қазақты қорлау деп қабылдануы тиіс. Көкшетау қаласындағы «Степной маяк» газетінде орын алған бұл масқара оқиғаның ізі суымай жатып, жаңа «жанжал» бұрқ ете қалды. Бұл да Ақмола облысына қарайтын Бурабай ауданындағы «Луч», «Сельская новь», «Бурабай» газеттерінің бастары істемейтін басшылары  Алаштың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың тегін «Пятницабаев» деп аударыпты...  Адамның атын өзге тілге аударатын әлемде жоқ мұндай топастықты кім көрген?! Олар онда жансыз компьютерді орындарына бас редактор етіп қалдырсын...

Ендеше, «Жас қазақ үні» газеті де орыс есімдерін түгел аударып жариялайтын болады... Бұған барлық қазақтілді БАҚ қосылады деп ойлаймын...

Ақмола облысыны әкімі Сергей Кішішіркеуші өз өңірінде қандай отты ойын ойналып жатқанына назар аударып, басшылық бақылауды шұғыл қолға алуы тиіс! Шамасы, Көкшетау мен Бурабайдың аталмыш газеттері өздерін Арыстан Жуан мен Александр Сергейұлы Зеңбіректің  отаны Ресейде жүрміз деп ойлап қалса керек... Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл толып отырғанын Мәскеудегілер ғана емес, өзіміздің орыстар мен орыстілді «қара орыстар» да сезінбейтін секілді... Ендеше, сезіндіру керек! Ол үшін  мемлекеттік тіл туралы, адам, жер-су  аттарының аударылмайтыны жайлы тұғыры мықты заңдар керек. Ол заңдарды парламентте отырған депутат Владимир Жақсыеместер жақсы етіп дайындап, қабылдасын! Заңдылығы таласқа түссе, Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Иванұлы  Мүйіз «мүйіздеп», тексеруден өткізіп алсын.

Осындай негізгі ұлтқа негізсіз тиісіп, ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптау ойынынан  от шығып кетсе, қайтеміз... Ол жалын «бізде ұлтаралық татулық орнаған» деген ұрандарды өртеп,  бағынбай кетуі мүмкін. Айтқан жерден аулақ, ондай төтенше жағдай орнай қалса, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Келеке келсе де, келеке болады, береке болмайды... Қостанай облысы әкімі Сергей Жұдырық та жұртын жұдырықтай жұмылдырып, барлығы қазақша сөйлеуді тездетуі керек.

Қазақстан қазір Тәуелсіз ел! Яғни, енді біз бір кездегі қожайынымыз Ресей Президенті Дмитрий Анатолийұлы Аюдың алдында қоян, Премьері Владимир Жолбалаға қолбала емеспіз! Өйткені биыл ешқандай баламасыз ең ұлы мерекеміз Тәуелсіздікке 20 жыл толады!

«Жас қазақ үні» газеті №22-23

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566