Қаржаубай Рейімбайұлы. Ұштастырғай тілекті
(Еліме үндеу)
Елінің амандығын, теңдігін; жерінің бүтіндігін армандайтын жөндеуші-мұнайшы, оңашада қоңыр жыр жазатын, Қаржаубай Рейімбайұлы өлеңмен өрілген Үндеуінде мұнайшылардың арасы әлдебір азғырындылардың сөзіне ергендіктен дүрбелеңге айналып барады, бұл бізге керек емес дегенді айтып, жұртты тоқтамға шақырады.
«Абай-ақпарат»
Ассалаумаағалейкум, елес қуған еліме,
Елес - малғұн,есін алып, егес буған еріме...
...Қудаланып,қайта көктеп,есін жиған еліме,
Тәуелсіздік Туы-тірек,келген туған жеріне...
Еске түсір! Алаш Атам армандаумен өткенін,
Алла сыйы! Қазақ Ел боп,арман-шыңға жеткенін.
Ұрпақ үшін, шет елдермен, тіл табысса, сөкпегін,
Болашаққа - Бірлікпенен, сабыр сақтап, беттегін.
...Құлқын құлы-әзәзілдер. Ібілістің жолында,
Ойлан халқым! Опынасың! Кідірістің соңында.
Елмен билік! Дәнекермін. Садақаңмын қолыңда,
Ортақ мүдде. Кешір. Келіс. Уәде бер! Орында.
Сыр алдырма! Әзәзілмен сыртқы,ішкі дұшпанға,
Тең қорғайық әр отбасын. Ібіліс, жау қысқанда.
Адам,... Алаш,... Тегіміз бір, туыстық қан нұсқамда,
Басшы, қосшы! Түсініскін! Иман болсын ұстамда.
Әзәзіл ой, ашу, өкпе,..."Тіфу!"-деңдер. Тастаңдар.

Кешір! Келіс! Жұмысқа шық! Жұмыс-ырыс. Бастаңдар.
Алла да жар! Жарылқанар, сеніп, көңіл ашқан жан,
Иілгенге зар болады! Тәкәббар ой-тасқан жан.
Екі жақ та, қол алысқын! Көрсет пейіл кеңдікті,
Сақтай білің, Мұсылмандық, төзімділік теңдікті.
Көрмегейміз, Кері кеткен, өндірісте кемдікті,
Есер-өшер! Ер мінезбен, дәлелдейік Елдікті.
Бір Алла жар! Иман-нұрмен толтырғай әр жүректі,
Қазақ тілмен, Сүннә, Салтпен-ұштастырғай тілекті.
Қазақ Елі-Ел,Жер бүтін, болса мәңгі тіректі,
Азаматтар! Бүтіндікке қолтықтасқын білекті.