Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2145 0 пікір 17 Маусым, 2011 сағат 06:47

«Ақжайық» сырт алаңда Семейдің «Спартагымен» тең ойнады

ОРАЛ. 17 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ -  Кеше футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының командалары кезекті турдың ойындарын өткізді.

Оралдың «Ақжайығы» Семейде жергілікті «Спартакпен» күш сынасты. Алаң иелері есеп ашқанмен, көп ұзамай «Ақжайықтың» құрамында ойнайтын камерундық легионер Гок Хабиб қарымта гол соқты. Ойынның 81-минутында «Спартак» тағы да алға шықты. Дегенмен қосымша минуттарда Эльдар Абдрахманов қарсыластар қақпасын дәл көздеп, есепті теңестіріп кетті.

«Ақжайық» бұл турдан кейін 14 ұпаймен 9-орында келеді.

Оралдықтар алдағы кездесуін 23 маусымда Алматының ЦСКА командасымен өткізеді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4144