Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2489 0 пікір 17 Маусым, 2011 сағат 06:48

Оралда медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиналыс болып, үздіктер марапатталды

ОРАЛ. 17 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ -  Оралда медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиналыс болып, үздіктер марапатталды.

Медицина қызметкерлерін облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидолла Ирменов құттықтап, жаңа табыстар тіледі.

Үздіктерге «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері мен құрмет грамоталары мен алғысхаттар табыс етілді. Сондай-ақ «Үздік дәрігер», «Үздік ауылдық дәрігер», «Үздік санитарлық дәрігер», «Үздік провизор», «Үздік медбике» аталымдары бойынша облыстық байқау жеңімпаздарына сыйлықтар берілді.

Жиында аталып өтілгеніндей, өңірде жоғары технологияға негізделген медициналық қызмет сапасы жақсарып келеді. Соның нәтижесінде ишемиялық жүрек ауруынан қайтыс болғандар саны 9 пайызға төмендесе, ана өлімі 3 есеге, сәбилердің шетінеуі 6 пайызға қысқарды. Дегенмен Елбасы Жолдауына сәйкес халық денсаулығын сақтауда ұлттық бағдарламаларды енгізу, бірінші кезекте балалар мен аналар саулығын бақылау, ауыл тұрғындары үшін қолжетімді медициналық қызмет түрін кеңейту басты міндет болып қала бермек.

Мерекелік басқосу Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістерінің концертімен көркемделді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5544