Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Билік 7665 12 пікір 16 Мамыр, 2019 сағат 15:14

Н.Назарбаев: "Қазақстанда бір ғана президент бар және ол елдегі басты адам"

«Қазақстанда бір ғана президент бар және сол басты адам. Біз барлығымыз соған жұмыс жасаймыз». Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз сөзі.

Астана экономикалық форумында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бір ғана президенттің бар екенін және қалғандары соған бағынатынын айтты.

«Халық пен көшбасшы бір болғанда ғана жетістікке жетуге болады. Ал әзірленген бағдарламалар мен идеялар халықтың қолдауымен ғана жүзеге асады. Бәлкім біздің ұстанған саясатымыз дұрыс болған шығар. Мен 5 жалпыхалықтың сайлауға түстім. Маған электорат 85 пайыздан кем дауыс берген жоқ.

Келесі транформацияда тыныш, саяси сенімсіздіктен айырылмау керек. Меніңше, бұл тығырықтан шығудағы дұрыс шешім. 

Менің мандатым әлі аяқталмаған еді. Мен әлі де жұмыс жасай беруіме болатын еді. Тіпті, халық мені таңдайтынына жүз пайыз сенімділікпен, өз кандидатурамды ұсынуыма да болатын еді. Алайда бізге өзгеріс қажет, жаңа буын келуі керек» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауынан кейін келетін жаңа команда өз инновациясымен, өз бастамаларымен келетініне сенім білдірді.

«Көрдіңдер ме, мен спикерлерге қандай да бір қолайсыздық тудырып отырмын. Әуелі «Тұңғыш Президент», сосын «Президент» деп жатырсыңдар. Жағдай солай. Меніңше, Қазақстанда екі басшы болмайды. Бір ғана Президент бар. Сол басты адам. Біз сайлаудан соң, барлығымыз соған жұмыс жасаймыз» деді.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев жаңа сайланатын президентке қолау көрсететінін айтқан еді.

«Менің ендігі міндетім жаңа президенттің жұмысына қолдау көрсету. Транзиттің тыныш өтуіне жағдай жасау және бастаған жұмысымызды жалғастыру» деген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Оған 74 мемлекеттен 5 мыңға жуық сарапшылар қатысуда.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1507
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3281
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5807