Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2307 0 пікір 22 Маусым, 2011 сағат 07:34

Қымыз бен қыранға қазақ ие болса, қалған жұрттың қақы аяққа тапталады екен...

Германияда 200 бас сауын бие ұстап, қымыз ашытып отырған неміс Ганс Цольманның Қазақстанға арнайы келген сапары біздің депуттарды дүр сілкіндірсе керек, бүгін Динар Нүкетаева қымыз бен қазақ оюларын, қолды болып кетіп жатқан қыран бүркітті патенттеп алуымыз керек деп мәселе көтерді.

Германияда 200 бас сауын бие ұстап, қымыз ашытып отырған неміс Ганс Цольманның Қазақстанға арнайы келген сапары біздің депуттарды дүр сілкіндірсе керек, бүгін Динар Нүкетаева қымыз бен қазақ оюларын, қолды болып кетіп жатқан қыран бүркітті патенттеп алуымыз керек деп мәселе көтерді.

Алдымен Ганс Цольман туралы аз сөз. Цольман мырза 20 жылдан бері Еуропада қымыз өндіру ісімен айналасып келеді екен. Қымыз туралы Цольманға  алдымен қайын атасы түсінік береді. Өйткені, қария жас кезінде Қарағанды лагерінде тұтқында болыпты. Абақтыда азып-тозып арса-арсасы шыққан неміс тұтқынын түрме әкімшілігі «өлсе өз ажалымен өлсін» деп шығарып тастайды. Абақтыдан құр сүлдерін сүйретіп шыққан байқұстың көретін жарығы бар екен, ол бір қайырымды қазаққа тап болады. Әлгі қазақ сорлы тұтқынды қымыз беріп асырайды. Сөйтіп бар дертінен жазады. (Айтпақшы, бүгін -  екінші дүниежүзілік соғыстың басталған күні, қызықты қараңыз: бір қазақ бір неміс азаматын сол сұм соғыстың қасіретінен аман алып қалады, ал аман қалған немістің күйеу баласы Еуропада қымыз өнеркәсібін жолға қоюда) Кейін тұтқын еліне оралады да жанұшырып жүріп бір бие сатып алып, оны сауып қымыз ашытады. Кейін қымыз ашытып, қымыз баптау тәсілін күйеу баласы Ганске үйретеді. Ал, Ганс қымыз мәселесіне кәсіби тұрғыдан барынша мән беріп түбегейлі қолға алады. Сөйткен Ганс қазір Германияда қымыздан балмұздақ, спортшыларға күш-қуат беретін дәрумен, тіпті әйелдер боянатын опа-далапқа дейін өңдеп шығарып жатқанға ұқсайды.

Ганс Цольманның қымыз ішіп қызара бөрткен түрін көрмесе де баспасөздерден сұхбатын оқыса керек, Динар ханым бүгін Әділет министрлігіне қымыз бен оюға мемлекеттік патент қажет деп сұрау салғанын мәлім етті. Алайда, Әділет министрлігі мәжіліс депутаты көтерген мәселеге қысқаша «бұлай болмайды» деп жауап қайтарыпты. Өйткені, қымыз тек қазақтікі ғана емес екен. Ал қазақ оюлары Орталық Азиядағы көрші елдердің қолөнер бұйымдарынан да кездесетін көрінеді. Оның үстіне бізде «Қазақтың дәстүрлі шараушылығы» туралы заң жоқ. «Бұндай заң болмағандықтан қымыз бен оюды және қыран құсты меншіктеп алу - өзге жұрттың қақын аяққа таптауға есеп» депті Динар Нүкетаеваның сұрауына Әділет вице-минситрі Әмірхан Аманбаев. Алайда Динар ханым «басқалар біздің ұлттық құндылықтарымызға ен салып, елден жырып әкетіп жатқанда қарап отыра береміз бе?»,- дейді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504