Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4659 5 пікір 1 Маусым, 2019 сағат 13:51

Жаттандылық жайлы...

Құсқымды келтіретін жаттанды клишенің бірі: "Ертең жеріңнен айрыласың, (асқак тон, терең мәнді пауза, агрессив қол сермеу) Еліңнен айрыласың! (Қарқындайды театрал мақымда)
Тіліңнен айрыласың, дініңнен айрыласың, діліңнен айрыласың! (Шарықтап барып, шабытынан шауқаты бұрын келіп, рухани эякуляциядан тұла бойы дірілдеп барып саябыр табады).
Көрдік. Естідік. Мың рет.

Неге екені бұл тізбек жеке-жеке өте сирек айтылады.
'Ертең еліңнен " дегенді айтқан мезет банданың қалған мүшелерін де тап осы интонациямен тізіп айтпайынша, спектакілін аяқтамайтынын сезесің.
Екі жасар балаға жаттатып қойсам, сосын, әлдекімдер, шашы додаланып:
"Ертең тілімізден айрыл..." - деген кезде "тоқтай тұрыңыз, қалғанын балақайым айтып берсін"- деп қалған тақпағын балаға айтқызып брикол ұстауға болады. Бірақ, балаға обал.

Кейде патриотсымақ атаңа нәлеттер айтарға сөз таппағанда осындай жаттанды клишені суырып салғандай боп, тап өзі сияқты автопилотта жүрген жамағатын дән риза қылатыны бар.
Маған салса, бұл тіркесті пікірталаста аргумент етіп аузына алған адам, тап сол мезет мен үшін: " Че пачем, хоккей с мячом, Ари бери том и джери, а -у, тоси-боси, тірс -пірс, Бритни Спирс, там хуле не в ауле, кто шарит тот картошку жарит" деп қойып өзін  сұмдық сөзуар оратор сезінетін амёбалардың деңгейіне түседі.

Ниеті түзу ғой демеңдерш. Ниетінің әкесін аузы. Екінің бірі Гитлер, екінің бірі Чикатило заманда емеспіз. Бәрінің ниеті түзу. Мәселе, әрқашан амалда.
Әгәрәки, біреу-міреу осы сөздердің жаттанды тізбегін ағынан жарылып, ізгі ниетпен айтып тұрса да, өтініш сіздерге, достарым, періштеге бергісіз аппак өмірлеріңде, ең болмаса бір рет қара ниет танытып, қылқындыра салыңдаршы...

Асқар Базарбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338