Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 10515 6 пікір 4 Маусым, 2019 сағат 17:03

"Көк тудың желбірегені" әнінің сөзі қалай жазылды?

Рәміздер дегенде, жиі көзге шалынатыны, әрине, елдің байрағы емес пе. Осындайда «Көк тудың желбірегені» әні еріксіз ойға оралады. Әйгілі әннің авторы, ақын Алмас Ахметбек баспасөзге берген сұхбатында көк туымыздың көңіл толқытатын ерекше қасиеті барын айтады.

– 1993 жылы азаттықтың он төртінші айында алғаш рет туған елімнің топырағына табаным тигенде, «Қорғас» бекетінен желбіреген Туымызды көрдім. Тудың құдіреті жүрегімді шарпып өткендей болды. Адамдардың асқақ сезімін аспаннан ағыл-тегіл шашып, мемлекеттілігі бар ел екенін меңзеп тұрған талай жұрттың желбіреп тұрған жалауын көріп жүрміз, бірақ сол сәтте көз алдымда тұрған ту мен үшін басқа еді. Ақында аяқасты келетін алақұйын сезім, шалқып келетін шабыт деген болады. Тап сол сәтте ту маған ғана арнап тіл қатып тұрғандай көрінді. Сондай көңіл күйдің әсерімен жазылған өлеңнің алғашқы шумағы:

– Көк тудың желбірегені
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған қазақтың
Ата жұртына жете алмай
Көзінің мөлдірегені, – деп өрілді.

Кейін сахнадан оқыған кезімде жарқ етіп, жай түсіріп өтетіндей отты өлең болғанын сезініп жүрдім. Кейін еліміздегі танымал сазгерлер бұл өлеңге әндер жаза бастады.

Сәбит Тастанбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377