Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3567 0 пікір 30 Маусым, 2011 сағат 01:21

Арқалық қаласында адам өлтірген қылмыскер 9 жылға сотталды

ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Арқалық қалалық сотында Арқалықтың 28 жастағы тұрғыны Тимур Жүргібаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол адам өлтіру және өзгенің мүлкін ұрлау  бойынша айыпталған.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі Арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз хатшысы Ардақ Абылайханның хабарлағанындай, қылмыскер 57 жастағы әйелді балғамен ұрып, ол көз жұмған соң денесіне көптеген жарақат салған. Қылмыс жасалған кезде қылмыскер алкоголді ішімдікке мас болған және жәбірленушімен арада ұрыс-керіс болған. Қылмыс жасағаннан кейін ол әйелдің ұялы телефонын және алтын сырғаларын  әкеткен.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі Арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Бейбіт Ұзақбаев қылмыскерге қатаң режимдегі колонияда  9 жыл жазасын өтеу үкімін шығарды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021