Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4891 7 пікір 20 Маусым, 2019 сағат 11:19

Ғалымның үш түрі

Мәшһүрдің ғибрат сөздері
57 мәтін. Ғалым үш түрлі

Ғалым үш түрлі: нан ғалым, тән ғалым, жан ғалым.

Нан ғалымнан - талап әуел баста оқуды Құдай үшін іздеген емес, молдаларының төрде отырып, сыйлы болғанын көріп, тамақ тойғызу үшін, тегін ас, тегін тамағы бар мешіт, медресені қыдырып, қай жерде қай ишанның көжесі мол десе, соған қаңғыра береді. Есі- дерті тамақта болып жүріп, оқыған оқу, өмір бойы оқыған-білгенін қарнының қамына жұмсайды. Оңайлықпен оқып, молда болғандар: «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып», ат тезегін қалайша төңкеріп, аударудың ғылымына әбден мәһір болады.

Тән ғалым- мағына білумен жұмысы жоқ, сарафа, наху, мантық оқып, талас- егеске әбден ұста болып: «Сұғыры қайсы, күбірі қайсы, мұзығ не нәрсе, мұхмол не нәрсе?»- деп, мәжілісте өзінен басқаны сөйлетпеске ұста болып, мұнымен барып бір жерге халфе, не бір жерге хазірет болып тұрып, наху, мантықтың қағидасы деп екі кісіні араз қылып, ғұмырында бірін-бірі көрместей жолға салып жібереді. Хақ жолға, таупық, һідәйтке жұртты бастаумен жұмысы жоқ. Бір мәхалланы екі партия қылып ұстап: «Құран хатымда солай деген, хадис шарифта бұлай деген»- деп, надандарды қара сөзбен мас қылып, адастырып, есінен жаңылыстырып әуре қылады да жүреді.

Жан ғалым - Алла тағаланың фазыл уа қарамағына алынған пендесі. Нанмен де жұмысы жоқ, ат көтеріп, атақ шығарумен де жұмысы жоқ. Оңаша халуат жай табылса, жаны сонда сая тауып, кітабын оқып, мағынасын тәпсір қылып, «ішпей мас, жемей тоқ». Оның қасында бай да бір бас, күшік те бір бас. Ешкімді лытғатына алмай: «Он сегіз мың ғаламды жаратушы Құдайым бар, не қамым бар?!»- деп, отыра береді.
Ғылым, білім деген, мағына деген осындай кісіден табылады!

Қайрат Жолдыбайұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407