Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1913 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 19:10

Ақтөбеде мұнай құбырларына қосылу арқылы мұнайды ұрлау оқиғалары жиілеп кетті

Ақтөбе. 17 маусым. ҚазТАГ- Ақтөбе облысында басқа мұнайлы өңірлерге қарағанда магистралды және жергілікті мұнай құбырына рұқсатсыз қосылып мұнай ұрлау оқиғалары жиі кездеседі. Бұл туралы оперативті жағдай айтып тұр.

2008 жылы мұнайды құбырдан ұрлаудың 83 оқиғасы, 2009 жылдың басынан бері 18 оқиға тіркелсе, олардың үшеуі ғана ашылды.

«Бүгінгі күнге құбырларды күзететін «Семсер секьюрити» ЖШС қызметі еш сын көтермейді. Негізгі себеп – нысандарды күзетудің нашарлығы және мұнайды ұрлағаны үшін жауапкершіліктен құтылып кете алмастық принципінің жоқтығы», - дейді «ҚазтрансОйл» АҚ филиалының директоры міндетін атқарушы Қуанышбек Бақытжан.  

Мысалы, 2008 жылы тіркелген 83 оқиғаның, күдіктілерді тек екі факті бойынша ғана ұстады. Басқа оқиғалар бойынша қылмыстық іс тоқтатылған, не оны ашудан бас тартқан. Ұрлық жасаған адамдар анықталмаған.   

Сотқа дейін жеткен қылмыскерлер жеңіл жаза алады. Мысалы, Мұғалжар аудандық №2  сотының үкімі бойынша, мұнай ұрлағаны әшкереленген А. Нұржанов 240 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылған, ал Н. Черниязов бір жылға шартты түрде сотталған. 

Мұнайдың ұрлануына себеп болып отырған негізгі фактор – облыста алты мұнай терминалының және мұнай өңдейтін екі шағын зауыттың болуы. Олар шикі мұнайды өлшеусіз, кез келген уақытта және ешқандай құжатсыз қабылдай беретіндігінде. Олар ұрланған мұнайды сататын негізгі рынок және шын мәнісінде құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалып отыр.

Бұлар – Эмбі қаласындағы 3 мұнай терминалы мен шағын зауыт, Жем қаласындағы 1 терминал, Темірмост станциясындағы («Кеңқияқ-Орск» мұнай құбырынан 7 километрде), Шұбарқұдықтағы, Бағаниндегі мұнай терминалдары мен Қандыағаштағы шағын зауыт. Маңызды мәселе – жергілікті тұрғындарда 169 жеке үлкен салмақты мұнай тасымалдағыш көліктер бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598