Асқар Қабылан. «Дала казактары» кімнің казактары?
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының назарына
Қазақстан казактарды тайраңдатқалы қай заман. Имперлік заманның қақырығы болып табылатын казактар ұялмай-қызармай ресми орындар мен мейрамдарға өздерінің әскери формалары мен елімізге қатысы жоқ салпыншақтарын тағуды әбден әдетке айналдырып болды. Оған өзіміздің де көзіміз үйреніп кеткендей...
Ал Ресейде дәл осы казактарды «мемлекеттік қызметке» теңестіріп, олардың салт-жоралғысын ресмилендіріп жатыр. Казактарды Ресей президенті жанынан құрылған арнайы Кеңес, Медведевтің кеңесшісі лауазымы бар генерал басқарады. Орыстар оларға шекараны күзеттірмекші, қоғамдық тәртіпті бақылатпақшы.
Бұл Ресейде делік. Өздері үшін дұрыс болар. Ал қазаққа не жоқ? Конституциямыздың 5-ші бабында былай делінген:
«3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.

4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді».
Осындай нақты заң жолдарының барына қарамастан біздің билік пен қоғам әлі де болса қай мемлекет пен қай заманда тұрып жатқанын ұмыта беретін секілді. Мысалы, күні кеше ғана Теміртау қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшесі казактармен арнайы келісім жасап, оларды өзен-көлдерді қадағалау үшін «қызметке» ала жаздады! Абырой болғанда биліктің араласуымен бұл жанжал «жылы жабылып», жалғасын таппады.
Оны аз десеңіздер, Кедендік одаққа кіргелі бері казактар «біздер әскери сословиеміз, біздерді шекара күзетуге алыңыздар» дегенді жиі айтып кетті. Онсыз да орыспен шекарамызды айқара ашып жатқан заманда оны күзетуді казакка тапсырсақ не болатыны белгілі емес пе? Әзірге одан да құдай сақтап келеді.
Сол казактар өздерін тәуелсіз Қазақстанның емес, имперлік Ресейдің бөлігі сезінетіні айдан анық. Үнемі орманға қарап ұлып тұрады. Өйткені сол жақтан ресми де, бейресми де қаржылық, ақпараттық, саяси көмек алатыны белгілі. Ресей елшілігі, «Русский мир» сияқты ұйымдар оларға көрсетіп жатқан көмегін жасырып жатқан жоқ. Тіпті орыс елшісі еліміздің орыстарын жинап, үстелдің басына отырып, аналарға нақты «тапсырма» беретінін қайтесіздер?! Суреттері сайтында бар, сөздері жазылған! Бұл қазақ заңдарын бұзу болмағанда, не? Конституцияның «бесінші бабын» өрескел бұзу болмаса, не?
Кеше интернеттен елордамызда орналасқан «Дала аймағы казактарының одағы» атты ұйымның "Ресей мен шетел казактарының одағы" деген құрылымның құрамына кіргені туралы деректер көзге түсті. Сөзбе-сөз келтірейік:
«ПРИКАЗ № 30
СОДЕРЖАНИЕ: «О приеме в состав Союза Казачьих Войск России и Зарубежья казачьих войск, казачьих обществ и казачьих общественных объединений»
На основании ст.3 Устава Союза Казачьих Войск России и Зарубежья и в соответствии с протоколом №5 от 07 ноября 2010г. Регионального Общественного Объединения Республики Казахстан «Союз казаков Степного края», - ПРИКАЗЫВАЮ:
1. Подтвердить вхождение в состав Союза Казачьих Войск России и Зарубежья Общественного Объединения Республики Казахстан «Союз казаков Степного края» под руководством Президента (Атамана) РОО «Союз казаков Степного края» Шишкина Геннадия Ивановича
2. Президенту (Атаману) РОО «Союз казаков Степного края» Шишкину Геннадию Ивановичу подготовить представление на руководство РОО «Союз казаков Степного края» представление и фотографии для оформления патентов и служебных удостоверений СКВРиЗ.
3. Приказ объявить по всем войскам и структурным подразделениям СКВРиЗ».
Осы құжаттың өзі аталған «Дала аймағының казактары одағының» ресми жабылуына нақты дерек болады емес пе?
«Абай-ақпарат»