Көшербаев тұсындағы Қызылорда облысының дамуы: сандар мен деректер
2013 жылдың 17 қаңтарында Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, бұл қызметте 6,5 жыл жұмыс істеді. Ол кезде оған барлық көрсеткіштер бойынша аутсайдерлер қатарындағы аймақ тап болды. Оның міндеті - Сыр өңірін жаңа белеске шығару еді, ол өз міндетін толығымен орындады. Бүгінде барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы үздік бес өңірдің қатарынан орын алады.
2013-2019 жылдары облыс әкімі Қырымбек Көшербаев нақты не істей алды? Назарларыңызға негізгі сандар мен деректерді ұсынамыз.
АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫ
1. Облыс экономикасына шамамен 1,7 трлн.теңге тікелей инвестиция тартылды.
Соңғы 2018 жылдың өзінде инвестиция көлемі 25,5%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі инвестициясы 37,6% өсті. Сонымен қатар, инвестициялардың өсуі кәсіпорындардың меншікті қаражаты салымының 22,4% артуы есебінен қамтамасыз етілген.
2019 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 2018 жылдың деңгейінен 89,8% өсті. Оның ішінде ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 2 есеге артты.
ӨНЕРКӘСІП
2.2013 жылдан бастап 71 жаңа өнеркәсіптік өндіріс іске қосылды.
3.Индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 24 жобаның 19-ы 2018 жылдың қорытындысы бойынша "жоспарлы қуатты" 50-ден 100% дейін игерді. Оның ішінде 12 кәсіпорын жоспарлы қуаттың 100% астамын игерген.
Аталмыш кәсіпорындар шығарған өнімнің көлемі соңғы жылдары 32% өсті (2017ж. -18,4 млрд. теңге, 2018 ж. – 24,3 млрд. теңге), ал ақшалай түрдегі экспорт көлемі 33% астам (2017ж. - 6,2 млрд. теңге, 2018 ж. - 8,3 млрд. теңге).
ШОБ
Естеріңізге салайық, 2018-2021 жж Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы ретінде жарияланды.
4. 2018 жылы Қызылорда облысы «Бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік аймақ" номинациясы бойынша 2018 жылы желтоқсанда "Алтын сапа" марапатына ие болды. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы жылда 13,1% және
ағымдағы жылдың 5 айында 9,1% артқан. Бұл көрсеткіштің даму қарқыны бойынша облыс бүгінде республика бойынша көш бастап тұр.
АӨК
5. Тәуелсіздік жылдары алғаш рет 2017 жылы облыста 500 мың тоннадан астам күріштің рекордтық көлемі жиналды.
Тіпті 2018 жылы да судың аз болуы, көктемнің кеш түскеніне қарамастан, күріштен мол өнімі жиналды (500 мың тоннаға жуық. Мұндай нәтижеге соңғы жылдары сорттардың шығымдылығын 1,5 - 2 есе арттыру есебінен қол жеткізілді.
Қазір Моңғолия, Түркия және Ауғанстан нарықтары игерілуде. Дәстүрлі өнімдерден басқа Иранға экспорттау мақсатында Иран сорттарын өндіру қолға алынды.
6. 2016 жылдан бастап Ресейге бақша өнімдерінің экспорты қолға алынып, 2017 жылы Иранға, Араб Әмірліктеріне және Моңғолияға көкөніс пен мал экспорттала бастады, ал 2018 жылы Қытайға алғаш рет мақсары майы жіберілді.
7.2013 жылы облыс ауыл шаруашылығы өнімдерінің 3 түрін (балық, күріш, кебек) экспорттаса, 2018 жылға қарай экспорттық өнім саны 15 түрге көбейді (мақсары майы, тірі қозы, ІҚМ, түйе, күнбағыс және рапс тұқымдары, картоп, қызанақ, бақша өнімдері (қарбыз, қауын), өсімдік және жемдік дақыл (жоңышқа) шырындары (экстракттар).
2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 18% астам өсті, оның ішінде қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 97,7% құрады (65,1 мың тоннадан 66,6 мың тонна).
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
8. 2013 жылдан бастап 3,1 млн. м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс орталығында 2013-2018 жылдары 15 жаңа шағын аудан салынды.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2,6 есеге өсті - 2013 жыл 270 мың м2 болса, 2018 жылы 700 мың м2 дейін жетті. 2019 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 22,4% артты.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
9. Халықтың жан басына шаққанда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстар бойынша өңір ҚР бойынша 1-орын алады (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау).
10. 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін 200 астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.
11. Облыс мектептерінде 3 ауысымды оқыту мәселесі шешілді.
12.Аймақтағы апатты жағдайдағы мектептер мәселесі шешілді, олардың орнына 37 жаңа мектеп салынды.
13. Мерзімінен бұрын, 2015 жылы "Балапан" бағдарламасы іске асырылды - 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен 100% қамтылды.
14. Қызылорда мектептерінің 2017 және 2018 жылдардағы түлектерінің 97% жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті (бұл маргиналды жастардың әлеуметтік базасы азайды деген сөз).
15. Қызылорда облысы - РФ үкіметінің гранты бойынша Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында 520 мектеп түлегіне оқытуды ұйымдастыра алған республикадағы жалғыз аймақ.
"Серпін" бағдарламасы аясында Қызылорда мектептерінің 4 мыңға жуық түлегі еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында білім алуда. Бұл - республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.
2013 жылдан бастап облыста қажетті мамандықтар бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, әсіресе ауылдық жерлерден шыққан балаларды оқытуға әкім гранты тағайындалған. Бүгінде мұндай грантқа 900 жуық сырбойылық жас ие болған.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ
16. Қызылорда қаласы және облыстың 7 аудан орталығының 4-еуі газдандырылды. 2017 жылы Байқоңыр қаласына газ берілді. Нәтижесінде халықтың 63% табиғи газды тұтынуға мүмкіндік алды. 2018 жылы қалған 3 аудан орталығы – Жосалы, Тереңөзек және Жалағашқа көгілдір отын тартылды, 2019 жылы ауданішілік газ желілері жүргізіледі. Осылайша, жыл соңына дейін 70% халықтың табиғи газға қосылу мүмкіндігі туады.
17.Облыс республикадағы халықтың 95% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ең жоғары көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.
18. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері тиімді пайдаланылудв, атап айтқанда - кәсіптік-техникалық білім беру, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй коммуналдық кешені және т. б. салаларда 116 жобаны (34 млрд. теңгеден астам) іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және даму қарқынын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 7 ақпанында ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында облыстың өзекті мәселелері қаралып, Н.Ә.Назарбаев 2022 жылға дейін облысты дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.
Облыс әкімдігі Үкіметпен бірлесіп Қызылорда облысының әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді жоспарын әзірледі. Құжат 2019 жылғы
28 мамырда бекітілді және 12 бағыт бойынша құны 219,7 млрд.теңге болатын 119 іс-шараны іске асыруды қамтиды: олар - өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлікті дамыту, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй коммуналдық кешені, экология және табиғатты пайдалану, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, спорт, су тасқынына қарсы іс-шаралар, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Abai.kz