Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2856 3 пікір 15 Шілде, 2019 сағат 10:58

Жырланған, бірақ түсіндірілмеген Тәуелсіздік

Қазақстан халықаралық құқтың субъектісі ме?

Иә! Иә, иә, иә! Домбыра кетті әуені әуелеп, ту жайылды желбіреп. Ай-хой, ой-хой!

Тәуелсіздікті қарадүрсін романтикамен шендестіріп жіберген біздің публицистер, ақын-жазушылар оңбайды. «Өйдөйт, Тәуелсіздік келді, ақ таң атты!» дегеннен танған жоқ. Тәуелсіздіктің басынан бергі орташа оқырман/тыңдарман/көрермен ретінде айтсам - егемендікті ендігәрі етек-жең жинайтын кезеңнен гөрі, енші алып, бөлек шыққан кержалқаудың: «енді түске дейін ұйықтасам да - өзім білем!» дегеніне келтіріп жырлады. Жазушы да, жазғыш та, шешен де. Жырлады, бірақ түсіндірмеді.

Халықаралық қауымдастық тәуелсіз деп мойындаумен бірге - міндеттер де артылады. Шынын айту керек, біздің адамдар міндет жағын мойындағысы келмейді, себебі оны түсіндірмеген. Мысалы, ЛГБТ құқықтары. Табиғатыңа жат, бірақ оны ратификацияламасаң - адам құқықтарына байланысты рейтингің түседі. Ал ол рейтинг - өз кезегінде сенің кредит рейтингіңнің бір бөлігі. Кредитсіз қалуың мүмкін.

Ауғанға астықпен гуманитарлық көмек бермесең - ол да саған тәлібтердің тынысы туралы айтпай қоюы мүмкін.

Тағы бір көршіңе сауда жолын жеңілдетіп бермесең, бір күні: «ауған шекарасын бәрің үшін жалғыз күзетемін бе?» деп, жауынгер сұрауы мүмкін.

Айтпақшы, өзің де қулыққа барасың. Мысалы, алпауыт елдер капиталын әкеліп, тәуекелге барса дейсің. Сондықтан құлақ естімеген жеңілдіктер жасайсың.

Айтпақшы, сауда ұйымына мүше болу үшін отандық өндірушілерге көмек бере алмайсың.

Айтпақшы, әлеуметтік бағдарламалар мен жеңілдіктер тым көп болса - гректер сияқты құйрықтан бір тебеді. Көшеде жыл бойы ереуілдесең де пайда жоқ.

Айтпақшы, алпауыттардың облигацияларын сатып алмасаң, олар да сенің өніміңді алмайды, анау-мынау келіссөздерде «ағалық» қылмайды.

Айтпақшы, БҰҰ-дағы дауысыңды да орайы келсе ... сатасың.

Мұндай мысалдар жыртылып-айырылады. Сандәйектермен келтіріп отырып жазуға тұтастай бір пласт.

Не болды? Жоға, бұл тірлік бәрібір Мәскеу бодандығынан он мың есе артық.

Дегенмен, «журналист әлде ақын я шешен болғасын, Тәуелсіздікті бір мысқал артық түсінемін» деген әпербақандық құртты. Егемендік жырларында фактография екібастан болмайды. Ол бар болғаны - қалықтаған бүркіт, толқындаған егін алқабы, шауып бара жатқан жылқылар, ата мен бала болып шықты. Сосын ба, бүгінде - жеті мың шақырым шекараны жалғыз күзетіп беретіндей намысы өртеніп өкіргендер көп. Дұрыс қой: «ұлымыз деп сендіріп едіңдер, енді кәнеки?» деп отыр ғой сол.

Соңғы айларда Тәуелсіздіктің бастауында жырлағанын айтып жүргендер көбейді. Қарық қылдық дейді ғой. Бірақ бүгінгі проблемалардың көбі сол - «жырлардан» болып отыр. Жынымды келтірмеш, келесі сөлкебайыңды ал да - жүре бер.

Ерлан Оспанның facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522