ҚСДП ресми өкілі Кундуз Жолдубаеваның хабарлауынша, "сенімді дереккөздер экс-президент Алмазбек Атамбаевты күшпен ұстау туралы бұйрық түскен".
"Операция ертең түстен кейін жүзеге асады, оған құқыққорғау органдарының бір жарым мың қызметкері қатысады" деп жазды Жолдубаева.
"Апрель" телеарнасының директоры Дмитрий Ложников Кой-Ташта "халық штабы" күш қайтаруға дайындалып жатыр.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі Атамбаевты екі мәрте тергеуге шақырған. Бірақ оның адвокаты Сергей Слесарев экс-президент мәртебесін айыру заңсыз екенін, сол себепті Атамбаев тергеуге бармайтынын мәлімдеген.
27 маусымда парламент Алмазбек Атамбаев экс-президент мәртебесінен айырды. Бас прокуратура Атамбаевты бес түрлі қылмыс бойынша айыптауға негіз барын хабарлады.
Abai.kz