Сенбі, 23 Қараша 2024
2571 0 пікір 22 Шілде, 2019 сағат 11:21

Дипломаттар Бердімұхамедовтің өлімі жайлы сыбысты жоққа шығарды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі жайлы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл ақпаратты Ресейдегі Түркіменстан елшілігіне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі хабарлады.

“Бұл шылғи өтірік. Біз мұндай ақпаратты жоққа шығарамыз” деген елшілік өкілі агенттікке.

Бұған дейін 62 жастағы Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі жайлы сыбыс тараған еді. Бірқатар ресейлік ақпарат құралдарында оның "бүйрек ауруынан көз жұмғаны" жайлы хабарлама жарияланды. Бұған қоса, бейресми арналар арқылы да түрлі ақпарат тарады.

Азаттықтың Түркімен қызметі де 20 шілдеде Бердімұхамедовтің өлімі жайлы хабарлама алған. Бірақ оған байланысты ресми орындардан жауап ала алмады. Түркіменстан басшысының өлімін Қырғызстандағы Түркіменстан елшілігі де жоққа шығарған.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, Түркіменстандағы мемлекеттік ақпарат құралдары қорытынды бағдарламасында президент жүрген кадрларды көрсеткен. Ашғабаттағы Азаттық тілшілерінің топшылауынша, кадрлар осыдан бірнеше күн бұрын президент демалысқа кетіп бара жатқан кезде түсірілгенге ұқсайды. Олардың хабарлауынша, қазір Ашғабатта жағдай қалыпты.

21 шілдеде "Түркіменстан хроникасы" басылымы президенттің анасы Огулабат Бердімұхамедованың Германияда емделіп жатқанын, жағдайы ауыр екенін хабарлаған.

Биыл 29 маусымда 62 жасқа толған Гурбангулы Бердімұхамедов Орталық Азиядағы табиғи газға бай Түркіменстанды 2006 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді. Ол - Сапармұрат Ниазовтан кейінгі елдің екінші президенті.

2017 жылы ақпанда өткен президент сайлауының ресми қорытындысы бойынша, сайлаушылардың 97 пайызы дауысын алған Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші мерзімге президент болып сайланған. Бұл елде президент жеті жылға сайланады.

Батыс бақылаушылары Түркіменстанда осы кезге дейін бір де бір сайлау әділ және еркін өткен жоқ деп санайды. Түркіменстан билігін сынайтындар мен құқық қорғаушылар Бердімұхамедовтің билікке келгелі өзгеше ойлайтындарды қудалағанын және айтарлықтай өзгеріс жасамағанын айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510