Сенбі, 23 Қараша 2024
3055 1 пікір 24 Шілде, 2019 сағат 11:26

Ресми мәлімдеме. Кәсіподақтар федерациясында басшы ауысқан жоқ

ҚРКФ Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы басшылығының ауысуы туралы белгісіз дереккөздеріне сілтеме арқылы таралған ақпараттың ақиқатқа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды.

2018 жылғы 3 қазандағы ҚРКФ XXV съезінде делегаттардың көпшілік дауысымен сайланған ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым қазіргі уақытта қысқа мерзімді демалысқа шықты және өзін қызметтен босату туралы өтініш берген жоқ.

Осы орайда ҚРКФ баспасөз қызметі ҚР Кәсіподақтар федерациясы шешімдерінің қабылдану үрдісіне түсініктеме береді:

- Шешім қабылдаудың демократиялық рәсімдеріне сәйкес ҚР Кәсіподақтар федерациясының барлық шешімдерін оның сайлау органдары (Атқару комитеті, Бас кеңес, Съезд) алқалы негізде қабылдайды;

- Жарғының 32-тармағының 3-тармақшасына сәйкес ҚРКФ төрағасын сайлау және қызметінен босату ҚРКФ Съезінің құзыретіне жатады. Жарғыға сәйкес Съездер арасындағы кезеңде ҚРКФ төрағасы өз қалауымен өкілеттігін тоқтатқан жағдайда оны лауазымынан босату туралы шешімді ҚРКФ-тың барлық мүше ұйымдарының (салалық кәсіподақтар және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері) өкілдерінен тұратын Бас кеңес қабылдайды;

- Бас кеңестің отырысын шақыру туралы шешімді Жарғының 47-тармағына және ҚРКФ қызметін реттейтін басқа құжаттардың нормаларына сәйкес ҚРКФ Атқару комитеті қабылдайды. Бас кеңесті шақыру және оның күн тәртібі туралы ақпарат отырысқа дейін бір ай бұрын хабарланады.

Қазіргі таңда Атқару комитеті Бас кеңестің отырысын шақыру туралы шешім қабылдаған жоқ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434