Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 8487 3 пікір 24 Шілде, 2019 сағат 11:56

Абайдың ұлы Мағауия

Сүйікті ұлы Мағауия қайтыс болғанда, Абай жатып қалады. Сонда Жуантаяқ-тобықты Байқұлақ шешен кеп:

-Әй, Абай қарағым, Ақсұңқар аспанға ұшты, Бәрінен тағдыр күшті. Халық кеп тұр ғой,- дегенде Абай:

-Бұл Мағыш маған да жоқ, саған да жоқ, 
Мағыштай бала тумас көңілге тоқ.
Аз күнде дүниеден мен де кетем,
Маған да зар боларсың, жиылған топ,- күңіренген екен.

Мағауия ақылды, өте адал, жұмсақ мінезді болған екен. Мағауияның бала кезінде Ақшоқыда Құнанбай айғыр жарыстырады. Сол жарыста Есіркеп руының көк айғыры бірінші келе жатады. Сонда Абай шапанын қағып, орынан тұрып:

-Ойбай-ау, мынау жаман Есіркептің көк айғыры қайтеді-ей?- дегенде бес-алты жастағы Мағауия:

- Тәте, бұл сізден жасып, ығатын Есіркеп емес, ол хайуан көк айғыр ғой,- дегенде Абай ұялып қып-қызыл боп кеткен екен. Құнанбай күліп жіберіпті.

Мағауияны елдің бәрі жақсы көрген. Сүйікті ұлы қайтыс болғанда Абай: "Шырағымның сүйегін соқпасын" деп оның сүйегі салынған арбаның жолындағы тасты терген екен.

Серік Ахметовтың facebook парақшасынан
Abai.kz
3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434