Сенбі, 23 Қараша 2024
2961 0 пікір 26 Шілде, 2019 сағат 11:09

Сыр өңірінде «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқыту басталды

Қызылордада жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқу басталды. Оқудың бірінші тобында қала, аудан бойынша 537 жас білімін жетілдіруде,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Айта кетейік, 22-23 шілде күндері өткен іріктеу тестіне 537 жас қатысып, 537 оқуға жолдама алған болатын. Осы жылы жоба шеңберінде өңірдің 1000 жасын оқыту жоспарлануда. Алғашқы легте 537 жас оқып жатқан болса, екінші лек өз жұмысын тамыз айында бастайды болады.

«Жас кәсіпкер» жобасына 18 бен 29 жас аралығындағы жас отбасы мүшелері, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жұмыссыз жастар қатыса алады. Жобаға қатысқысы келген азаматтар жеке куәлігінің көшірмесі, мекен-жай анықтамасы, өтініш және арнайы формаға сай толтырылған анкетамен Кәсіпкерлер палатасына, палатаның аудандық филиалдарына, жұмыспен қамту орталықтарына немесе өздері тұратын елді мекеннің әкімдігіне барып толық ақпарат ала алады.

Ең адымен жобаға қатысуға ниетті жастар тесттен өтеді. Олар 100 балдан ең кемі 55 балл жинауы тиіс. Жобаға қатысуға мүмкіндік алған азаматтар 3 апталық – 21 күндік оқу курсына қатысады. Жобаға қатысушыларға сертификат алғаннан кейін 19273 теңге бір реттік шәкіртақы төленеді.

Тестілеуден өткен жастарды арнайы конкурс арқылы анықталған бизнес-тренерлер оқытады. Оқу бағдарламасында кәсіпкерлік негіздерімен бірге білім алушы бизнес-жоспарын жасап шығады. Әрі болашақ кәсіппен айналысушыларға арнайы психологтар да көмек көрсетілмек. Бұдан кейін жобаға қатысушылар арнайы құрылған комиссияның алдында бизнес-жоспарларын қорғайды. Сәтті қорғағандарға оқуды аяқтағандығы туралы сертификат берілсе, оқуға толық қатысып, бірақ жобасын қорғай алмаған азаматтарға қатысқандығы жөнінде сертификат беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Жас кәсіпкер» жобасы ақысыз негізде, тегін оқытылады.

Жобасын сәтті қорғаған жастардың сертификаты 2 жылға жарайды. Осы уақыт аралығында жобаға қатысушылар 6,5 жылға 6 пайызбен 8000 АЕК (20 млн.200 мың) теңгеге дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие ала алады.

«Жас кәсіпкерге» қатысушылар жобасына жеңілдетілген несие алуы үшін бизнес-жоспары, оқуды аяқтағандығы туралы сертификаты, кепіл мүлкі және өзге де қаржыландырушы банкке қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс.

«Жас кәсіпкер» жобасына қатысушылардың жобасын Кәсіпкерлер палатасы бір жылға дейін көмек көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371