Жұма, 18 Қыркүйек 2026
3300 3 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 10:11

Мемлекет басшысы Бауыржан Байбекті қабылдады

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Nur Otan» партиясының қазіргі жағдайы, мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық тетіктерін жандандыру және Президент Әкімшілігімен бірлескен жұмыстарды қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді.

Бауыржан Байбек өңірлерге жасаған сапарларының қорытындылары, бастауыш партия ұйымдарымен жұмыс және партия қатарын тазарту үдерісі туралы баяндады. Сонымен қатар, ол демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жұмысының тоқтағаны және партияның Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына институционалды қатысу жоспары жөнінде хабарлады.

Қазақстан Президенті партия мен халық арасындағы байланысты күшейтудің маңыздылығын айтты. Мемлекет басшысы партия мүшелерін ел өміріне белсенді атсалысуға және халыққа жақын болуға шақырды.

«Партия азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы, халықтың мүддесін тиімді қорғауы тиіс. Партияның қоғамдық қабылдаулары Президенттің виртуалды қабылдауымен тығыз байланыста болып, тұрғындардың мәселелерін шешудің шынайы тетігіне айналуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1313
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2879
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 969
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 902