Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
4120 0 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 10:17

"Ташкент - Алматы" бағытындағы жүрдек пойыз билеті арзандайды

"Узбекистон темир йуллари" мен "Қазақстан темір жолы" "Ташкент – Алматы – Ташкент" бағыты бойынша қатынайтын "Тұлпар – Тальго" жүрдек пойызына билетті арзандатуға келісті.

Өзбекстандағы ақпарат құралдарының хабарлауынша, биыл 1 тамызда жолаушылар осы бағатта қатынайтын пойызға билетті арзанға сатып ала алады. Мысалы, билет бес күн бұрын сатып алынса, 25 пайыз жеңілдік болады, отырып баратын вагондарға билет 15 пайызға арзандайды. Бұған қоса комиссиялық жинаққа 53 пайыз жеңілдік қарастырылған.

"Узбекистон темир йуллари" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын уақытта осы бағыттағы пойыздарға сатылатын билеттерге басқа да жеңілдіктер талқыланады.

Халықаралық "Тұлпар – Тальго" жолаушы пойызы 2017 жылдың наурызында іске қосылды. Пойыздың ашылу салтанаты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Қазақстанға сапары қарсаңында өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1157
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 800
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 774